Бірқатар аудандар мен Қаттақорған қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалу барысы талқыланды.

    Ел назарында 1 Mart 2022 2326

    2022 жылдың 1 мартында Олий Мажлис Сенатының Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің жиналысы өтті.

    Онда Баяуыт, Бостан, Турақорған, Қаршы, Алат аудандары мен Қаттақорған қаласын 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму және кедейшілікті азайту бойынша бекітілген бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды.

    Өнеркәсіп, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған жалпы құны 1 триллион 650 миллиард сумға жуық 358 инвестициялық жоба іске қосылып, 4700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылғаны атап өтілді.

    Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша белгіленген шаралар аясында 194 миллиард 800 миллион сумнан астам бюджет қаражаты есебінен 17 мектепке дейінгі білім беру мекемесін, 27 жалпы орта мектепті, 3 медициналық колледжді және 12 денсаулық сақтау нысанын, сондай-ақ 3 мәдениет нысанын салу, қайта жөндеу және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Бұдан тыс, аумақтар арқылы өтетін ұзындығы 214,1 шақырым мемлекеттік және жергілікті маңызы бар жолдар қайта жөнделіп, жөндеу істері жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Қаршы ауданында 6, Турақорған ауданында 21,1 шақырым, Бостан ауданында 120, Алат ауданында 19, Қаттақорған қаласында 48 шақырым жол салынып, қайта жаңғыртылды.

    Тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 10 су нысаны салынып, 502,1 шақырым ауызсу және кәрізсу тармақтары тартылды, көппәтерлі тұрғын үйлердің алдында 12 балалар спорт алаңы іске қосылды, 7880 шаршы метр кіреберіс жолақтары жөнделді, 211 түнгі шамдар орнатылды, 11 заманалық науаихана мен 7 дәретхана салынды.

    Жиналыста аталған аумақтарды 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамыту және кедейшілікті азайту іс-шаралары бағдарламасының орындалуын үйрену барысында анықталған кемшіліктерге айрықша мән берілді.

    Атап айтқанда, бағдарламаларда қаржыландыру көздері нақты белгіленгенімен, қаржы бөлінбегеніне байланысты бірқатар шаралардың орындалуы қамтамасыз етілмегені айтылды.

    Сонымен қатар, Баяуыт ауданында 2 және Бостан ауданында 1 жоба бойынша коммерциялық банктер тарапынан несие берілмеген.

    Турақорған ауданындағы 6 әлеуметтік нысанның құрылысына, қайта құру және жөндеу үшін Инвестициялық бағдарламада көзделген 23 миллиард сум қаржы бөлінбеген.

    Жергілікті бюджет есебінен жалпы 17 миллиард 500 миллион сум қаржы бөлінбегендіктен Қаршы ауданында 2, Турақорған ауданында 8, Баяуыт ауданында 2, Алат ауданында 1 жоба жүзеге аспай қалған.

    Сондай-ақ, кейбір министрліктер мен кеңселер тарапынан тиісті қаржының бөлінбегенінің салдарынан бағдарламада белгіленген жұмыстардың орындалмай отырғаны айтылды.

    Сенат мүшелері кемшіліктерді жою бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates