Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен ынтымақтастық байланыстар кеңейтіледі

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Өзбекстандағы тұрақты өкілі Акико Фудзи ханыммен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстанның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда белсенді қатысуы, болашақтағы ұсыныстар мен бастамалар талқыланды.

    Сондай-ақ, елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-саяси, экономикалық және білім беру саласындағы реформалар, гендерлік теңдік мәселесінде қатысты оң өзгерістер туралы пікір алмасылды.

    Сұхбат барысында республикамыздың халықаралық индекстердегі рейтингі артып келе жатқаны мойындалып, осы бағытта да өзара ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

    Сонымен қатар, жергілікті Кеңестер мен халық депутаттарының қызметін күшейтуге бағытталған оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды бірлесіп әзірлеу мәселелеріне назар аударылды, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates