Бішкек тұрғындары ыстық су мен жылу жүйесінен үзіліп қалды

    Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының тұрғындары жылу жүйесі орталығында болған апат салдарынан ыстық су мен жылусыз қалды.

    Бұл туралы жұма күні журналистерге республиканың Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    «Ағымдағы жылдың 2 февраль күні сағат 03.00-де Бішкектегі жылу жүйесі орталығында апат орын алып, соның салдарынан қондырғылар істен шыққан. Қазіргі уақытта апатты жоюға барлық жеке құрам күштері жұмылдырылған. Оқиға салдарынан үш қызметкер жарақат алып, ауруханада жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

    Қала тұрғындары үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жылу жүйесі орталығы мен жылу желілерінің жұмысын жөндеу мақсатында ыстық сумен және жылумен қамтамасыз ету тоқтатылды, деп хабарлайды ria.ru.

    "Бішкек қаласындағы жылу жүйесі орталығында болған апаттың салдарын дереу жою үшін жедел штаб құрылды... Азаматтардың үйлеріне жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

    Қазіргі уақытта Бішкекте ауа температурасы минус 3 градусты көрсетіп тұр. “РИА Новости” тілшісінің хабарлауынша, көпқабатты үйлердегі а батериялар суыған.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates