Ташкент қаласы әкімі қонақты шынайы қарсы алып, екі ел басшыларының қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде астаналар арасындағы ынтымақтастық дамып келе жатқанын атап өтті.
Әкім соңғы үш жылда астанада жүргізілген реформалар туралы қысқаша мәлімет берді: тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы, Тұрғынүй коммуналдық қызметтері басқармасы саласындағы жаңарулар, жаңа демалыс саябақтары, көлік және туризм салаларының дамуы, сондай-ақ қала көшелерінде қырғыз нөміріндегі автокөліктердің болуы туралы айтып өтті.
Президентіміз тарапынан ұсынылған және тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған «Махаллабай» бағдарламасы туралы жан-жақты мәлімет берді. «Біздің барлық іс-әрекеттеріміз әл-ауқатттық индексін қалыптастырушы компоненттерге бағытталған», - деді әкім.
Жақын ынтымақтастықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында Өзбекстан мен Қырғызстанның астаналары арасында Ынтымақтастық бойынша жоспарына қол қоюды ұсынды.Онда Ташкентте Бішкек күндері мен Бішкекте Ташкент күндерін өткізуді, оларды тек мәдени бағдарламаларды ғана емес, ынтымақтастық жобаларын дамыту үшін кәсіпкерлер арасындағы диалогпен байыту қажеттігін айтты.
Сондай-ақ Айбек Джунасалиев те екі ел басшыларының соңғы кездесуінен кейін Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынастар дамудың жаңа басқышына көтерілгенін айтып, Ташкенттегі реформаларды мұхият бақылайтынын, сала мамандарынымен жақыннан сұхбаттасу үшін астанаға абаттандыру және Тұрғынүй коммуналдық қызметтері басқармасының сала мамандары топтарымен келгенін мәлімдеді.
Бішкек мэрі әкімдік ісі құрылымын жетілдіру, Бішкектің 48 массивінде жастармен жұмыс жасау, қаланы электрмен жабдықтау қосалқы станцияларын ауыстыру қажеттілігін, транспорттық проблемаларды шешу үшін үш жол өткізгішін салу, жаңа мектептер мен спорт нысандарын құру туралы мәлімет берді. «Біз өзіміздің жоғары жауапкершілігімізді түсінеміз, өйткені еліміздің астанасы көшбасшы болуы керек», - деді әкім, — осы мақсатта көптеген мәселелерді шешуде Ташкенттің тәжірибесін пайдаланғымыз келеді».
Бұдан соң Ташкент қаласының әкімі өткен жылы қала бюджетіне қомақты қосымша табыс әкелген кәсіпкерлерді қолдап-қуаттау жүйесіне тоқталды. Қосымша қаржылар абаттандыру мен Тұрғынүй коммуналдық қызметтері басқармасы кешенінің машина және механизмдерін жаңалауға жұмсалғанын айтты.
Сондай-ақ, Жахонгир Ортиходжаев арзан инженерлік шешімдердің арқасында көлік өткізу қабілетін арттыратын қиылыстарды қайта құру туралы әңгімеледі.
Сұхбаттан кейін Бішкек мэрі мен Ташкент әкімі Қырғызстан мен Өзбекстан астаналары арасындағы ынтымақтастық Жоспарына қол қойды.
Қонақтар «Цифрлық Ташкент» платформасында ұйымдастырылған Жағдайлар орталығына барды. Ол жерде қалалық қызметтерді жедел басқару мүмкіндіктері, болашақты болжау үшін аналитикалық материалдардың қолайлылықтары көрсетілді. Мәселен, қала картасында тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша анықталған қалдықтарды орналастыру орындары, олардың жаяу жүруге ыңғайлы немесе ыңғайсыздығы, сондай-ақ «Махсустранс» Мемлекеттік Унитарлық кәсіпорын тарапынан көшірілуі қажет болған қалдықтарды қабылдау пункттері көрсетілді.
Қонақтарға сондай-ақ қаладағы мектептердің орналасуы мен жан-жақты «ыңғайлылық индексі» көрсетілді. Жахонгир Ортиходжаевтың айтуынша, қаладағы жағдайды реттеу үшін қажет болған жағдайда депутаттар, аудан әкімдері және барлық қалалық қызметтер «қызыл» аумақтарға жіберіледі.
Қонақтарды кешеннің көлік компоненті қызықтырды. Оларға қала картасында нақты уақыт режимінде жалпы кесте бойынша жүретін барлық автобустар мен барлық бағыттар туралы ақпараттар көрсетілді.
Жағдай орталығымен танысқан қонақтар қала әкімімен және оның орынбасарларымен бірге астанамыздағы Технопаркке барды, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.