Қаулымен “Ауыл құрылыс банкі” акционерлік коммерциялық банкі негізінде Бизнесті дамыту банкі және оның құзырында төмендегілер құрылды:
«Шағын бизнесті дамыту қоры» жауапкершілігі шектеулі қоғамы;
аумақтарда 14 шағын бизнеске көмектесу орталытары.
Отбасылық кәсіпкерлік бағдарламалары аясында Бизнесті дамыту банкі шағын бизнес жобалары үшін 7 жылға дейінгі мерзімге несиелер бөлінеді.
Жеңілдетілген несие және салық тарихына ие кәсіпкерлерге қойылатын кепіл талабы 50 пайызға төмендейді.
Қаулыға орай, өнеркәсіп салаларында «140 озық өнеркәсіп кәсіпорны» бағдарламасы жүзеге асырылады.
Осыған орай, бұл бағдарламаға енгізілген кәсіпкерліктің жобаларын қаршыландыру үшін шетелдік валютада жылдық 4 пайыз, ұлттық валютада жылдық 10 пайыз ставкада 10 жыл мерзімге дейін несие бөлінеді.
Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыруды цифрландыру үшін электронды платформа іске қосылады.
Қаулыға сәйкес:
- қосылған құн салығының теріс суммасының орнын қаптау (қайтаруда) салықтың тоқтатылу (tax gap) коэффициентін қолдану тәжірибесіне тыйым салынады;
- ҚҚС бойынша арнайы тіркеуден өткендігі туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру тәртібі жойылды;
- ай сайын пайда салығын төлейтін кәсiпкерлердiң табыс лимитi 5 миллиард сумдан 10 миллиард сумға дейiн көбейтiледi.