БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық өкілінің орынбасары аграр жобаларымен танысты

    Агросектор 28 Mart 2022 2746

    Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық өкілінің орынбасары Набиль Ганжи Ташкент халықаралық инвестициялық форумына сапары аясында Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесіп, түрлі салалардағы жобалардың барысымен танысты.

    Олардың қатарында ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу, картоп және күріш өсіру салаларын дамыту, ормандарды тұрақты басқару, шөлейтті биоалуантүрлілікті қорғау, құрғақшылық пен тұздану қаупімен күресу, омарташылық, жылыжай шаруашылығын дамыту, шегірткеге қарсы күрес сияқты салалар бар.

    Бірінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумында Ганжи мырза « Өндірісті жаңғырту және жаңа ауылшаруашылық базарлары» атты панельдік сессияда баяндамашы ретінде қатысты және еліміздегі тұрғындардың әлеуметтік қорғауға мұқтаж бөлігін қолдап-қуаттау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарымен бөлісті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    «Соңғы бес жылда Өзбекстанда ауыл шаруашылығы саласында бұрын-соңды болмаған кешенді реформалар жүргізілді. Базар механизмдерін, озық технологияларды енгізу және кластерлік жүйеге көшу осылар қатарында. Ташкент инвестициялық форумы қажетті инвестициялар көлемі мен бірізділікті, мемлекеттік және жекеменшік инвестициялардың рөлін жақсы түсіну, ауыл шаруашылығында жеке инвесторлар үшін бар жеңілдіктерді табу жолында лайықты ынталандыру жасайды”, — деп айтып өтті Набил Ганжи.