БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен келіссөздер жүргізілді

    Агросектор 11 May 2022 988

    Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғайрат Фозиловтың басшылығындағы делегация Италияға сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымында (ФАО) келіссөздер жүргізді.

    Күн тәртібінде аграрлық салада Өзбекстан мен ФАО арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, білім мен инновацияларды тарту, инвестициялық жобаларды даярлау, тағы басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.

    Кездесу барысында ФАО Бас директорының бірінші орынбасары Бет Бекдол өткен екі жыл ішінде Өзбекстанның Еуропа үшін 32-Аймақтық конференциясына төрағалығы кезінде жасаған жемісті іс-әрекеттерін жоғары бағалайтынын айтты.

    Еліміздің ауыл шаруашылығын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыруда ФАО тарапынан көпқырлы серіктестікке дайын екенін білдірілді.

    Алдағы уақытта аймақтағы Арал теңізі апаты зардаптарын жұмсарту, ауыл шаруашылығында климаттың өзгеруіне бейімделу және салаға инвестиция тартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша жақыннан жұмыс істеуге келісілді.

    Сондай-ақ тараптар ағымдағы жылдың июнь айында ФАО-ның штаб-пәтерінде өзбек мәдениетін, салт-дәстүрін және қонақжайлылығын көрсететін «Uzbekistan Lounge» ұлттық бөлмесінің ашылу салтанатын өткізуге келісті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates