Ташкентте БҰҰ Әйел-қыздар жағдайы бойынша комиссиясының кезектегі сессиясы аясындағы Орталық Азия мен Әзербайжан үшін кеңесулері өтті

    2024 жылғы 11-22 март күндері аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Әйел-қыздар жағдайы бойынша комиссиясының (CSW) 68-сессиясы өтеді және бұл шарадағы басты назар гендер теңдікке қол жеткізуді жеделдету және кембағалдықты жою арқылы әйел-қыздардың құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қаратылған.

    Соңғы бес барысында Өзбекстан Республикасының гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйел-қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытында көптеген оң нәтижелерге қол жеткізгенін ескере отырып, БҰҰ-ның Әйелдер ұйымы Орталық Азия мен Әзербайжан елдері үшін кеңесулерді Өзбекстанда өткізуді ұсыныс жасады.

    Бұл кеңесулер ағымдағы жылдың 12 февралында Ташкент қаласында Олий Мажлис Сенаты БҰҰ Әйелдер ұйымымен бірлесіп «Гендер теңдікке қол жеткізуді жеделдету және кембағалдықты жою, институттарды және гендерге қатысты қаржыландыруды нығайту арқылы барлық әйел-қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында өткізілді.

    Шараға Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Әзербайжан елдерінің Парламент мүшелері, азаматтық қоғам, жастар ұйымдары мен ғылыми ортаның өкілдері, гендерлік сарапшылар, БҰҰ-ның оннан астам бағдарламалары, қорлары мен агенттіктері, сондай-ақ гендер теңдікті және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтудің жақтастары болған жеке сектор өкілдері қатысты.

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Әйел-қыздардың қоғамдағы рөлі арттыру гендер теңдік және отбасы мәселелері бойынша республикалық комиссияның төрайымы Танзила Нарбаева шара қатысушыларына бейнеүндеу жолдады.

    – Бүгінде Орталық Азия мен Әзербайжан елдері әйел-қыздар құқығы, еркіндіктері мен мүдделерін қорғауда, зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің алдын алуда, сондай-ақ қаулылар қабылдау үдерістеріне қатысуын қамтамасыз етуде үлкен жетістіктерге жетті.

    Мемлекетімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласында жүзеге асырылған реформалар мен өзгерістер нәтижесінде қажетті іс жүзіндік тәжірибе жинақталды, әйелдердің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірге толық және тең құқықты қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

    Біз мемлекеттің барлық салаларында әйелдер мен ерлер үшін тең жағдайды көздейтін Пекин декларациясы және Қозғалыс платформасының мақсаттарына жетуде кезең-кезеңмен қадам басып келеміз.

    Осы мақсатта Өзбекстан әйел-қыздарды әлеуметтік қорғау бойынша шараларды жан-жақты қолдап-қуаттау жөніндегі іс-әрекеттерді жалғастыруды жақтайды, — деп айтты Т. Нарбаева.

    Сондай-ақ, кеңесулерде аумақтық органдар – БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия бойынша аумақтық орталығы, Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы және т.б. қатысты.

    Кеңесулер барысында институттар және гендерге қатысты қаржыландыруды нығайту жақтарын ескере отырып, кембағалдықтың проблемаларын шешуде салааралық ынтымақтастықты бірлестіру, гендер теңдік пен әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін қаржыландырудағы олқылықтарды шешу, гендер теңдік саясаты мен бюджеттерге әсер ету үшін әлеуеті мен кеңістікті кеңейту сияқты тақырыптарды талқылау ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар жалақы төленбейтін күтім мен үй жұмысының ауыртпалығымен күресу: қызмет көрсету жұмысына өту және әлеуметтік қорғау қызметтері мен жүйелері тақырыбына назар аударылды.

    Бұл кеңесулерді өткізудің негізгі мақсаты – Орталық Азиядағы гендер теңдікке қол жеткізу үшін аймақтың әлеуеті мен мүмкіндіктерін бағалау, кедейшілікті жою, әлеуметтік қорғау және жұмыс күштің қызметі тұрғысынан үстемдікті даму стратегияларын белгілеу болып табылады.

    Кеңесулер қорытындысы бойынша Орталық Азия аймағы (Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан) және Әзербайжанның CSW-ның 68-сессиясына үлес қосатын және оған қатысуы үшін негіз болатын ауқымды өтініштер, озық тәжірибе мен нақты ұсыныстар жинағын қамтыған құжаттар қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.