Бұрын хабарланғандай, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Т.Нарбаева басшылығындағы парламент делегациясы ресми сапармен Әзербайжан Республикасында жүр.
Үстіміздегі жылдың 21 июнінде Олий Мажлисі Сенатының Әйелдер және гендер теңдік мәселелері комитеті, Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, гендер теңдік және жанұя мәселелері бойынша комиссиясы, БҰҰ даму бағдарламасының Өзбекстандағы өкілеттігі мен тиісті министрліктер, кеңеселердің ынтымақтастығында Өзбекстан жетекші әйелдер диалогы платформасының ашылу салтанаты өткізілді.
Үстіміздегі жылдың 15 июнінде Сенатта Әйелдер мен балалардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін сенімді қорғауға бағытталған заңдылықты жетілдіру мәселелері туралы құрылған Жұмысшы топтың кезектегі жиналысы өтті.
Үкімет қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес (322-санды, 09.06.2022 ж.), мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтелі бар, бірақ жоғары білімге ие болмаған әйелдер мемлекеттік жоғары оқу орындарына арнайы қабылдау параметрлері (жалпы 500 квота) аясында төлем-кантракт негізінде оқуға қабылданады.
Үстіміздегі жылы 6 июньде Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында «Теңдік, сан алуандылық және инклюзиялық: су бізді бірлестіреді» атты тақырыпта Халықаралық әйелдер су форумы өтті.
Гүлстан Мемлекеттік университетінде Сырдария облыстық отбасы және әйелдер басқармасы және Гүлстан Мемлекеттік университетімен ынтымақтастықта «INNOWOMENWEEK» — Әйелдердің инновациялық апталығы аясында «Ғылым-білім мен инновацияны дамытудағы әйелдердің орны» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Күні кеше Ташкент облысы әкімдігінің мәжіліс залында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева мен облыс әкімінің міндетін атқарушы Зойир Мирзаевтың қатысуымен жиналыс өтті.
Үстіміздегі жылдың 13 апрелінде Ташкентте «Өзбекстанның дамуында парламенттегі әйелдердің рөлі» тақырыбында екінші форум өтті. Шара әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері бойынша республикалық комиссиямен, Сенаттың Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетімен және ЕҚЫҰ-мен бірге ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 12 апрелінде Орталық Азия мемлекеттерінің жетекші әйелдері диалогының кезектегі жиналысы бейнеконференц байланысы түрінде өтті.
Үстіміздегі жылдың 7 апрелінде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева «COVID-19 пандемиясы бойынша гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді акселераторлары» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел сұхбатына онлайн форматта қатысты. Шараны “БҰҰ- Әйелдер” құрылымы ұйымдастырды.