Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикалары үшін Арнайы бағдарламасының (SPECA) Экономикалық форумы өтті.

    Ағымдағы жылдың 17-19 ноябрінде Ташкентте «Пандемиядан соң жасыл және инклюзивті экономиканы дамыту үшін тұрақты транспорт пен сауда жүйелері» тақырыбында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикасы бойынша Арнайы бағдарламасының (SPECA) Экономикалық форумы және аталмыш Бағдарламаның Басқару кеңесінің Он алтыншы жиналысы өтті.

    SPECA 2021 форумы аймақтағы тұрақты сауда мен транспортты дамытуға және олардың экологиялық қауіпсіздігін, айналымы мен инклюзивін арттыруға үлес қосуға арналған. Шараның мақсаты - нақты мақсаттарға қол жеткізу, аймақтық бастамалар мен стратегияларды қабылдау, сондай-ақ оларды жүзеге шығару бойынша іс жүзіндік әрекеттерді белгілеуде көпжақты сұхбаттардың белсінділігін арттыру болып табылады.

    Шараға Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің басшылығы, БҰҰ Еуропа Экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысының орынбасары Д.Марьясин, SPECA-ға мүше мемлекеттер – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан делегациялары, БҰҰ-ның Орталық Азияда превентивті дипломатиялық аймақтық орталығы (ПДАО) өкілдері, Еуропа Одағы, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО), Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) өкілдері, сондай-ақ басқа елдердің ұйым өкілдері мен сарапшылары қатысты.

    Форумның жалпы жиналысын ашқан Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БМТТДИ Атқарушы хатшысы О.Алғаярова, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқару хатшысы А.Алишахбана қатысушыларға бейнеүндеулер жолдады.

    Өзбекстан тарапы SPECA аймағының елдерімен экономикалық ынтымақтастықтың оңды динамикасын атап өтті. Атап айтқанда, соңғы бірнеше жылда Өзбекстан мен SPECA-ға мүше елдер арасындағы тауар айналымы екі есеге өсіп, 5 миллиард долларды құрады, ал SPECA-ға мүше мемлекеттердің капиталы бар жаңа кәсіпорындардың саны 2017 жылдан бері 5 есе өсіп, 1983-ке жетті.

    Өзбекстанда экономиканы ырықтандыру, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау, инвесторлар мен жеке меншікті құқықтық қорғау механизмдерін нығайту, серіктес елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту бойынша қабылданып жатқан іс-шараларға айрықша тоқталды.

    Шара барысында үстем міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, SPECA-ға мүше мемлекеттер экономикаларының бәсекелестік үстемдіктерін ескере отырып, экономикалық байланыстарды нығайту және бар сауда кедергілерін жою, кедендік тәртіп-қағидаларын жеңілдету және электронды сауданы дамыту арқылы жалпы базары 127 миллион адамнан астам болған SPECA аумағындағы мемлекеттердің арасындағы жалпы сауда айналымының 2025 жылға келіп көлемі кемінде екі есеге асуы туралы айтылды.

    Өзбек тарапы бірқатар ұсыныстарды айтты. Мысалы, мемлекетде 2022 жылда инвестициялық және қаржылық ынтымақтастық бойынша SPECA Жұмысшы топтың бірінші жиналысын өткізу және кейіншелік осы платформаны аймақтық ынтымақтастықты нығайту және инвестиция жобаларын жүзеге асыру мақсатында жетілдіру идеялары алға тартылды. Бұдан тыс, трансшекаралық экономикалық және экологиялық ынтымақтастық жобаларды қаржыландыру үшін SPECA Қорын қалыптастыру бастамасы үстінде істеу және мүше мемлекеттер жөніндегі SPECA-ның нәтижелі қызметін ұйымдастыру үшін Ұйым хатшылығын құру ұсынылды.

    Шарада Өзбекстандағы өндірістік кооперацияны тереңдету, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен бағдарламаны қабылдау, өзара инвестицияны ынталандыру, жаңартылатын және сутегі энергетикасын дамытуды алға тарту, үлкен логистикалық инфрақұрылымның ірі жобаларын бірлесіп жүзеге асыру, бірыңғай тарифтер мен көпжақты көлік преференцияларын енгізу арқылы аймақта транспорт және транзит әлеуетін жетілдіру арқылы қарым-қатынастарды дамыту мүдделілігі айтылды.

    Шара барысында « SPECA аймағындағы тұрақты сауда қатынастары», «SPECA мемлекеттерін дегі тұрақты көлік, сауда және туризмге қатысты айналмалы экономика қағидаттарын қолдану», «Тұрақты даму мақсаттарында инвестицияларды қаржыландырудың инновациялық механизмдері мен құралдары», «Тұрақты даму үшін әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту: SPECA аймағы үшін COVID-19 пандемиясы және одан кейінгі дәуірде саяси мәселелер», «Өзбекстан: Өзбекстан және оның аймақтық ынтымақтастықтағы орнына арналған зерттеу және жобалар тұсаукесерлерін ұйымдастыру» тақырыптарында панель сессиялары өткізілді.

    Экономикалық форумның соңында пандемиядан кейінгі кезеңде экологиялық таза, айналмалы және инклюзивті экономиканы қалпына келтіру үшін SPECA аймағында көлікті, сауда тұрақтылығын және өзара байланыстылықты нығайту туралы Ташкент мәлімдемесі қабылданды.

    Ол сондай-ақ SPECA аймағының экономикалық жағынан өзара байланысын кеңейтуге, оның тұрақты көлік жүйесінің ортасы ретінде қалыптасуына жағдай жасауға, ішкі сауда насихатын одан әрі жеңілдетуге, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуді жеделдетуге және аймақта тұрақты экономиканың өсуін қолдап-қуаттау үшін нормалар, стандарттар және құралдарды тиімді пайдалануға қатысты ұсыныстар жасалды.

    Ташкент қаласында өткізілген 2021 жылғы SPECA күндерінің қорытынды шарасы ретінде осы Бағдарламаны басқару Кеңесінің он алтыншы сессиясы өтті. Жиналыс қорытындысы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған SPECA Жұмыс жоспары, су, энергетикалық ресурстар және қоршаған орта, тұрақты транспорт, транзит, сауда, инновациялар және технологиялар, гендерлік және БРМ бойынша SPECA Жұмысшы топтардың есептері қабылданды.

    Басқару кеңесі сондай-ақ, Бағдарламаның күн тәртібі негізгі бағыттарын қамтитын, атап айтқанда, Қор мен SPECA Хатшылығын құруды қамтыған оннан астам маңызды қаулылар қабылданды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates