БҰҰДБ-ның Еуропа және ТМД бойынша аймақтық директорымен ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 10 июнінде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД бойынша аймақтық директоры Ивана Жирковичпен онлайн түрде диалог өткізді.

    Сұхбат кезінде Өзбекстан Республикасының БҰҰ және оның мамандандырылған құрылымдарымен, сонымен қатар БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен болашағы талқыланды. Атап айтқанда, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу, кедейшілікті азайту, демократиялық мемлекеттік басқаруын нығайту, қоршаған ортаны қорғау, базар экономикасы мен инклюзивті саясатты жетілдіру, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту сияқты мәселелерге назар аударылды.

    Сондай-ақ, гендерлік мәселелер бойынша өзара ынтымақтастықтың түрлі жақтары, атап айтқанда, әйел-қыздардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, Сенаттың жаңа конститутциялық рөлі бойынша, БҰҰДБ-мен жергілікті Кеңестердің әлеуетін арттыруға бағытталған ынтымақтастықтағы жобаларлы жүзеге асыру сияқты мәселелер туралы пікір алмасылды.

    Біз БҰҰДБ-ны басты халықаралық серіктес деп санаймыз», - деп айтты Сенат төрайымы өз сөзінде. — БҰҰДБ-ның Өзбекстанның аймақтық және жаһандық бастамаларын жоғары халықаралық алаңдарда жүзеге асыруындағы қатысуын жоғары бағалаймыз. БҰҰДБ-ның қоғамдағы әйелдерді қолдап-қуаттау және елімізде гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі іс-әрекеттерді қолдаймыз. Соған қарамастан, алдымызда әлі де заңдылық базаны жетілдіру, тиімді әдістемені әзірлеу, гендерлік теңдік саласындағы жаңа іс-шараларды жүзеге асыру сияқты ауқымды жұмыстар тұр. Біз бұл серіктестікті дәйекті түрде дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.

    Өз кезегінде, Ивана Живкович төмендегілерді тілге тиек етті. «Өзбекстан біз үшін маңызды стратегиялық серіктес саналады және біз сіздердің елмен 30 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанымыз бекер емес. Өзбекстанда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресте қол жеткізілген жоғары нәтижелерден хабарым бар және мен бұл бағыттағы іс-әрекеттерді толық қолдаймын. Алдағы ынтымақтастық жоспарларына келетін болсақ, гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған ұлттық жобаларды жүзеге асыруда іс жүзіндік диалогты одан әрі жалғастырамыз. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мәселесінде, Өзбекстанның басқа елдерге үлгі болатын озық нәтижелері бар екенін атап өткен жөн және біз сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастықта жүзеге асырылып жатқан жобаларды одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндіктерімізді пайдалануға дайынбыз».

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты дамыту мен талқылау барысында назар аударылған бағыттар бойынша жобаларды кеңейту туралы келісті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates