Балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес бойынша Өзбекстан тәжірибесі үлгі ретінде танылды

    Женева қаласында өтіп жатқан Халықаралық еңбек конференциясының 113-сессиясы аясында 12 июнь – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күніне орай арнайы конференция өткізілді.

    Шарада Халықаралық еңбек конференциясына қатысқан 187 елдің арасында қысқа уақыт аралығында балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекті толығымен жойған мемлекет ретінде Өзбекстан тәжірибесі көрсетілді.

    Онда Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Т.Нарбаева «Балалар еңбегін жоюдағы Өзбекстан тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

    Ұлттық комиссия төрайымы өз баяндамасында еліміздің балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекке қарсы берік ұстанымы және халықаралық құжаттарды, сонымен қатар Халықаралық еңбек ұйымының негізгі конвенциялары мен 29-санды Конвенцияға Хаттаманы ратификациялағаны саладағы реформалардың берік құқықтық негізі болғанын атап өтті.

    Жаңа редакциядағы Конституция мен Еңбек кодексі балалар еңбегін толығымен жоюға бағытталғаны, ал әрбір азаматтың әлеуметтік қорғалуын кепілдеу мен адам қадір-қасиетін арттыруға бағытталған мемлекет саясатының орталығынан оры алғаны айтылды.

    Конференция жұмысы барысында Халықаралық еңбек ұйымының тиісті конвенцияларын ратификациялау, ұлттық заңдылықтарды халықаралық стандарттар негізінде жетілдіру, балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекке жауапкершілік шараларын күшейту, институционалдық негіздерді нығайту бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар жоғары бағаланды.

    Сондай-ақ шараға қатысқан сарапшылар Өзбекстан тәжірибесі бүгінде балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекпен күресетін елдерге үлгі болып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates