Бостандық ауданында велоспорттың шоссе (Роад) түріне арналған спорт нысаны салынады

    Спорт 2 Fevral 2022 781

    Бостандық ауданында велоспорттың шоссе (Роад) түрі бойынша республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге арналған спорт нысанын салу үшін жер телімдері беріледі. Тиісті қаулыға Ташкент облысы әкімінің міндетін атқарушы З.Мирзаев қол қойды.

    Облыстық әкімдіктің ақпарат қызметі хабарлағандай, Бостандық ауданы «Қошқорған» махалла азаматтар жиынының аумағындағы пайдаланылмай жатқан 0,50 гектар ауыл шаруашылығы жері облыстық туризм және спорт бас басқармасына халықаралық жарыстарды өткізуге арналған веложол салу және тұрақты пайдалану құқығымен бөлініп беріледі.

    Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы арқылы сәулеткерлік-жоспарлау тапсырмасы дайындалады, сондай-ақ тиісті ұйыммен орнатылған тәртіппен жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға келісімшарттар жасалады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates