Хабарыңыз бар, «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасы аясында республика бойынша ағаштар мен бұталарды отырғызу, жасыл желектерді көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2021 жылдың күзі мен 2022 жылдың көктем маусымында көгалдандыру, сәндік ағаш, жеміс ағаштары мен бұталар отырғызу және егілген қаламшаларды «Узагроинспекциясының» Бостандық ауданының бөлімі аудандық қаржы бөлімімен, сондай-ақ аудандық экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерімен ынтымақтастықта жұмыс жүргізілуде.
Жоба негізінде жарияланған «Өзекті 40 күн» шарасы аясында Бостандық ауданындағы Бұрышмолла мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері үлгі көрсетуде.
Халқымызда «Жақсыдан бақ қалады» деген сөз бекер айтылмаған. Бүгінгі таңда біз отырғызып жатқан көшеттер Бостандық ауданының болашақта өсіп-өркендеуіне, сонымен қатар қоршаған ортаны жақсартуда, ауданды абатандырумен бірге табиғатты сақтау мен экологиялық тазалықты қамтамасыз етуде маңызды.
С.Х.Усубалиев,
«Узагроинспекцияның»
Ташкент облыстық басқармасының
бас инспекторы,
Б.Рисқибоев,
«Узагроинспекцияның»
Бостандық аудандық бөлімінің
аға инспекторы.