Бұл күні ғаламшар Күннен ең алыс траекториясындағы нүктесі — афелионға
жетеді. Жер мен Күннің арақашықтығы 152 093 251 шақырымды (1,0167 астрономиялық
бірлік) құрайды.
Жер орбитасының эллипстік пішініне байланысты оның Күнге қатысты орналасуы
жыл сайын өзгеріп отырады. Қаңтар айында Жер Күнге ең жақын болса, шілдеде одан
ең алыс қашықтыққа барады. 2026 жылы афелионның өтуі 6 шілдеге сәйкес келеді.
Планетаридің мәліметінше, дәл осы күні Жердің орбиталық жылдамдығы ең баяу
болады әрі Күннің көрінетін диаметрі де жыл бойындағы ең кіші мөлшерге жетеді.
Есептеулерге сәйкес, 6 шілдеде Жердің орбиталық жылдамдығы секундына
29,27–29,29 шақырым болады. Ал перигелийде — Күнге ең жақын нүктеде — бұл
көрсеткіш секундына 30,27–30,29 шақырымға дейін артады. Астрономдар мұны
Кеплердің екінші заңымен түсіндіреді: аспан денесі тартылыс орталығына неғұрлым
жақын болса, оның қозғалыс жылдамдығы соғұрлым жоғары болады, ал арақашықтық
артқан сайын жылдамдық төмендейді, деп хабарлайды mir24.tv.