Бұхара аумақтық салааралық жәрмеңкесінде жалпы құны 10,7 миллиард сумды құрайтын 24 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

    Өнеркәсіп 2 Oktabr 2022 1128

    Бұхара қаласында құрылыс материалдары, мұнай-газ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, қаракөлшілік, ауыл және су шаруашылығы, туризм саласы кәсіпорындарының қатысуымен Аумақтық салааралық өнеркәсіп жәрмеңкесі өтті.

    Жәрмеңкенің негізгі мақсаты ірі жергілікті кәсіпорындарға жергілікті шағын және жеке бизнес кәсіпорындары тарапынан импорттың орнын басатын өнімдерді жеткізіп беруде кооперациялық байланыстарын орнату болды.

    « Бұл жәрмеңкеге «Узбекнефтгаз» акционерлік қоғамына қарасты кәсіпорындар жеке корпоративтік стенд арқылы қатысты. Онда «Uzbekistan GTL» зауытында өндірілген өнімдер, импортты қысқартуға ұсынылған жаңа жобалар, 2022-2023 жылдарға арналған импорттың негізгі құрамдас бөліктері, жүйелік зауыттардағы жергіліктендірілген жобалары таныстырылды.

    Көрменің алғашқы күнінде «Узбекнефтгаз» АҚ департаменттері, зауыт және кәсіпорын басшыларының қатысуында кооперациялық байланысты орнату бойынша 20-дан астам жергілікті кәсіпорындармен кездесулер ұйымдастырылды.

    Атап айтқанда, «Monokip» жауапкершілігі шектеулі қоғаммен Мубарак мұнай-газ өндіру басқармасы мен Мубарак газ өңдеу зауытының өндірістік базасында қолданылатын импорттық температура датчиктері мен монометрлерді бірлесіп сатып алу және жеткізу бойынша ынтымақтастық қарым-қатынастары зерделенді.

    Сондай-ақ, шара барысында «Ihlas Electric» өндірістік компаниясымен салааралық кооперация байланысын кеңейту негізінде Францияда өндірілген «18 Вт ФЛЮОРЕНЦЕНТ», «HPS LAMP» (150, 250 Вт) маркалы жарықтандыратын электр шамдарын игеру және 2023 жылғы қажеттіліктерге негізделген жеткізіп беру бойынша жергіліктендіру мәселелері қаралды. Қазір Франциядан әкелінген бұл шамдар «Uzbekistan GTL» зауытының аумағында пайдаланылуда.

    Келіссөздер шеңберінде «Tarozi Klass» ЖШҚ – «Uz-Kor Gas Chemical» БК ЖШҚ сұранысы негізінде таразы аспаптарын жеткізу және жөндеу , «Carbon Polimer» ЖШҚ - «Uz-Kor Gas Chemical» БК ЖШҚ және Муборак газды қайта өңдеу зауынының 2023 жылы сұранысы негізінде тығындарды, муфталарды және тығыздағыштарды жеткізу бойынша ынтымақтастық орнатылды.

    Бұл жәрмеңкеде «Eko Torf Gummat» кәсіпорны Шортан газ-химия кешені көгалдандырылған аумақтарға кешенді экологиялық таза тыңайтқыштар жеткізу жөнінде ұсыныс жасады. «Навои Азот» АҚ «Uz-Kor Gas Chemical» біріккен кәсіпорны мен Шортан газ-химиялық кешенінің қажеттіліктері үшін метанол және каустикалық сода химиялық элементтерді жеткізу бойынша ұсыныстарды үйрену үшін қабылданды.

    Сонымен қатар, «Oil filter Technologies», «Kogon Mars», «Electric Motor» жергілікті кәсіпорындардың басқармаларындағы жұмыс істеп тұрған цехтардың компрессорлары үшін импорт жасалатын фильтр өнімдерін өндіру және өндіріске ұсыну, бұрғылау насостарын үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша жергілікті кәсіпорындарының ұсыныстары қабылданды.

    Көрменің соңында «Узбекнефтгаз» кәсіпорындары жалпы құны 10,7 миллиард сумды құрайтын төмендегі 24 ынтымақтастық меморандумына қол қойды:

    - Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауыты - 2,7 миллиард сумдық 7 меморандум,

    - Шортан газ-химиялық кешені - 5,3 миллиард сумдық 7 меморандум,

    - Мубарак мұнай-газ өндіру басқармасы - 463,8 миллион сумдық 4 меморандум,

    - «Uzbekistan GTL» - 110 миллион сумдық 3 меморандум,

    - Газ мұнай-газ өндіру басқармасы – 2,01 миллиард сумдық 3 меморандум, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates