Өзбекстанда кейінгі 5 жылда қайта өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1,4 есе артып, тек өткен жылдың өзінде 553 триллион сумды құрады. Бұқарада бұл көрсеткіш 1,6 есе өсіп, 30 триллион сумға жетті.
Облыста құны 7 миллиард долларды құрайтын 41 шетелдік инвестиция мен осыған тең 39 жергілікті жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.
Енді тағы үш ірі нысанды – газ-химия кешенін, күн электр станциясын, Бұхара халықаралық әуежайын салу жоспарланған.
Осыған орай өткен салтанатты шарада Президент Шавкат Мирзиёев бұл жобалардың маңыздылығына тоқталды.
Соның бірі – «Қарақөл» еркін экономикалық аймағында салынатын газ-химия кешені. Бұл «мethanol to оlefins» (МТО) технологиясы негізінде жұмыс істейтін республикадағы алғашқы зауыт болмақ.
Жоба аясында 5 миллиард долларға жуық инвестиция тартылып, АҚШ, Германия, Дания, Австрия, Италия және Қытайдың ең озық технологиялары орнатылады. Бірыңғай кешен аясында жылына 1,3 миллиард текше метр табиғи газ, 430 мың тонна нафта қайта өңделіп, елімізде және әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие 1,1 миллион тонна полимер өнімдері өндіріледі. қорытындыға сәйкес, мұндай өнімдер газ бағасымен салыстырғанда 5 есе көп қосымша құн береді.
Жаңа зауытта 2 мың адам жұмыс істейді. Сондай-ақ құрылыс, тоқыма, былғары аяқ киім, автомобиль өнеркәсібі, электротехника және басқа да ілеспе салаларда ондаған кәсіпорындар мен тағы 4 мың жұмыс орнының ашылуына түрткі болады.
Бұл жобалардың іске қосылуының нәтижесінде Бұхарада туризм ғана емес, өнеркәсіп те «драйверіне» айналады.
Экономиканың тұрақты өсуі электр энергиясына деген сұранысты жылына орта есеппен 6пайызға арттырады. Сондықтан жер-жерлерде жаңа генерациялы қуаттар салынуда.
Соңғы жылдары 2 миллиард доллар шетелдік инвестиция есебінен қуаттылығы 2 гигаватт болатын 10 күн және жел электр станциясы желіге қосылды. Бүгінде шетелдік серіктестермен жалпы құны 19 миллиард долларға 18,3 гигаватт болатын 32 «жасыл» генерация қуаты құрылуда .
Биылдың өзінде 14 күн және жел электр станцияларының алғашқы 2,6 гигаватты желіге қосылады. Соның нәтижесінде республикада өндірілетін жалпы қуаттағы баламалы энергияның үлесі 9 пайыздан 15 пайызға дейін артады. Жалпы, 2030 жылға қарай оны 40 пайызға жеткізу көзделген.
Әрине, бұл жерде Бұхараның орны бөлек. Қазір облыста 4,5 миллиард долларға жуық шетел инвестициясы есебінен қуаттылығы 4 гигаватт болатын 9 ірі жоба жүзеге асырылуда.
Енді олардың қатарын Біріккен Араб Әмірліктерінің «Masdar» компаниясы салатын 250 мегаваттық күн электр стансасы толықтырады. Бұл жобаға «Олот» ауданынан 648 гектар жер бөлінген. Станцияны 2025 жылдың желтоқсан айында бірыңғай электр желісіне қосу жоспарланған.
Сондай-ақ, Бұхара облысында Сауд Арабиясының «ACWA Power» және Қытайдың «Gezhouba» компаниялары баламалы энергетикалық кешендерді салуда. 2030 жылға қарай облыстың қуаттылығы 9 есеге артып, жылына 12,5 миллиард киловатт сағат «жасыл» энергия өндіріледі.
Құрылысы басталатын тағы бір жоба – жаңа халықаралық әуежай.
Өзбекстанның ашықтық саясатының нәтижесінде әлеммен қарым-қатынас жеделдеді. Республикада 90-нан астам елдің азаматтары үшін визасыз режим енгізілді.
Соның нәтижесінде елге келушілер саны көбейді. Соңғы 2 жылда қызмет экспортының 40 пайызы туризм саласына тиесілі. 283 қонақ үй, 486 хостел, 1,2 мың отбасылық қонақ үй салынды. Туризм ағыны 35 пайызға артқан.
Атап айтқанда, тек 2023 жылы Бұхараға 1 миллион 400 мыңға жуық шетелдік турист келген.
Мұндай факторлар облыстың халықаралық әуежайындағы рейстер санын арттыруды талап етеді. Сондықтан жекеменшік әріптестік негізінде Бұхара ауданында жаңа халықаралық әуежай салу көзделген.
Құны 226 миллион долларды құрайтын бұл жоба аясында әуежайдың инфрақұрылымы әлемдік стандартқа сай құрылады. Сағатына 1,2 мың жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндігі жасалады. Жолаушылар мен әуе ұшақтарына қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы жаңа халықаралық әуе компаниялары тартылады.
Президент Шавкат Мирзиёев символикалық түймені басып, атаулы кешендердің құрылысын бастады.
Осы жерде Бұхара облысында салынуы жоспарланған кешендер, оның ішінде жаңа әуежай жобасы таныстырылды.