Сұхбатта делегация мүшелеріне соңғы жылдары елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар, жан-жақты ойластырылған, өзара тиімді және іс жүзіндік сыртқы саясаттың басымдықтары туралы айтылды.
Кездесуде Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен Ұлыбритания парламентінің Лордтар палатасы арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде парламентаралық байланыстарды одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды.
— Өзбекстан Президентінің бастамасымен Жастар парламенттерінің құрылуын жоғары бағалаймын, – деді Элисон Сатти. – Бұл өз кезегінде, заң шығармашылығы үдерісіне көбірек жастарды тарту, заңдарда жастардың мүдделерін көрсетуде, олардың белсенділігі мен қоғамдағы қатысуын дамытуда маңызды рөл атқарады. Мен Олий Мажлис Заң шығару палатасының мәжілісіне қатысып, Жастар мәселесі бойынша комиссияның, Жастар Парламентінің ақпаратын тыңдап, өзіме қажетті бірқатар міндеттерді белгілеп алдым.
Шынайы достық рухында өткен кездесуде Өзбекстан-Ұлыбритания ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуде парламентаралық байланыстарды тереңдету маңыздылығы тағы бір рет айтылды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының баспасөз қызметі.