Ұлыбританиямен түрлі бағыттарда ынтымақтастық одан әрі дамиды

    Сыртқы істер министрлігінде Еуропа елдері және ЕО институттарымен ынтымақтастық басқармасының басшысы Ойбек Шахавдинов Ұлыбритания елшісінің орынбасары Стивен Андерсонмен кездесті.

    Сұхбат барысында Өзбекстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен болашағы талқыланды.

    Сондай-ақ, түрлі деңгейдегі жоспарланған біріккен іс-шаралар мен сапарлардың кестесі және ұйымдастырушылық жақтары қаралды.

    Сұхбаттас ағымдағы жылдың 28-30 ноябрь күндері Лондон қаласында өтетін Өзбекстан-Британия сауда және өнеркәсіп кеңесінің (UBTIC) келесі жиналысына тыңғылықты дайындық жүргізіліп жатқанын және бұл шараға Британияның 300-ге жуық компаниясы қатысуы күтілетінін хабарлады.

    Кездесу соңында түрлі бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тұрақты диалог өткізіп тұруға келісілді, деп хабарлайды “Дунё” АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates