—  «Стенділеу, аорта коронарлық шунттау, радиожиілік аблациясы, электрокардиостимулятор орнату, жүрек қақпағын протездеу сияқты ашық әдістегі практикалар жылына мыңдаған науқастардың өмірін сақтап, өмірін ұзартуда», — дейді орталық директоры Хуршид Фазилов.

– Сонымен қатар, жүрек ақауларын эндоваскулярлық әдісте емдеу де кеңінен қолданылуда. Біздің мекеменің Рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімі осы салаға мамандандырылған.

Созылмалы күре тамырлар окклюзияны антеградтық және ретроградтық жолдармен ашу және стенттеу, катетер арқылы аортал қақпашасын имплантациялау, қарыншааралық және бөлмешеаралық тосық ақаулары және туа біткен жүрек ақауларын катетер арқылы окклюдермен жабу  практикасы осылар қатарына жатады.

Осы инновациялық ем түрлерінің бірегейлігі олардың кеуде қуысында тілік жасамай, білектегі тамыр арқылы жүзеге асырылуда.

Электрофизиологиялық тексерулер мен жүрек аритмияларының  күрделі түрлерін  хирургиялық жолмен емдеу бөлімінде 10 түрдегі ота жасалуда. Оның 6-да радиотолқынды абляция әдісі қолданылса, 4-еуінде түрлі электрокардиостимуляторлар имплантациясы жасалады.

Атап айтқанда, радиожиілік абляция әдісі бойынша кеуде қуысын ашпай, арнайы аппараттардың көмегімен жүрекке жетіп, оның ырғағының (аритмия) бұзылуына  байланысты кейбір ақаулар  радиотолқындар арқылы жойылады.

Кардиохирургиялық бөлімде ашық әдістің жоғары технологиялық емдеулер жүргізіледі. Бұл емнің түрі соғып тұрған жүректе жасалады және бұл органға екі немесе одан да көп күрделі операциялар бір уақытта жасалады.

Яғни, жүрек қақпақшасын протездеу, пластикалық ота жасау, туа біткен ақауларды, жүрек бұлшықетінің ісіктерін хирургиялық жолмен алып тастау, қарыншалар мен бөлімшелер ішіндегі тромбтарды жою жасанды қан айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, орталығымыздың аймақтық филиалдарында да ангиографиялық қондырғылар орнатылып, коронарография және стенттеу процедуралары қолға алынып, емдеу-диагностика әдістері 40-қа дейін ұзартылды.

Сарапшымен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.

Ақпарат үшін: әлемде өлім-жітімнің 60 пайызға жуығы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына байланысты. Сонымен қатар, бұл аурулар әлі де мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Осындай ауыр дерттен зардап шеккен қандастарымыз соңғы жылдарға дейін Германия, Түркия, Ресей, Үндістан, Оңтүстік Корея сынды елдерге барып ем іздеген.

Қазірде бұл бағыттағы емдеудің барлық озық әдістері елімізде енгізілгені қуантарлық жайт.