Шавкат Мирзиёев «Cengiz Holding» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

    Билік 8 Avgust 2023 5171

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 8 тамызда Түркияның «Cengiz Holding» компаниясының басқарма төрағасы Мехмет Женгиз бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесуде өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, соның ішінде Өзбекстанның экономика салаларын дамыту және жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Айта кету керек, Өзбекстанда Түркияның жетекші көпсалалы холдингінің қатысуымен екі жоба сәтті аяқталды – Ташкент және Сырдария облыстарында жалпы қуаты 460 мегаватт заманауи электр станциялары іске қосылды.

    Кездесу барысында Мемлекет басшысына атаулы энергетикалық нысандардың көрсеткіштері туралы толық ақпарат берілді.

    Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жызақ облысында қуаты 500 мегаватттан асатын тағы бір электр станциясының құрылысын бастап берді.

    «Cеngiz Holding» компаниясы жалпы құны 5 миллиард доллардан асатын жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарымен таныстырды.

    Осындай жобалардың қатарында автокөлік жолдары мен тоннельдерді жаңғырту және салу, геологиялық барлау мен перспективалық пайдалы қазбалар кен орындарын пайдалануды жүзеге асыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттары аясында энергетикалық инфрақұрылымды басқару бар.

    Өзбекстан басшысы түрік инвесторларының қатысуымен келешегі зор жобаларды жылдам дайындау және толық жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates