CGGC компаниясы жол құрылысы саласындағы МЖС жобаларына қатысуға ниетті

    Ағымдағы жылдың 28 октябрінде Қытайдың China Gezhouba Group Corporation (CGGC) компаниясының өкілдері және Транспорт минстрінің орынбасары А.Муминов және министрліктің тиісті лауазымды тұлғаларының қатысуымен кездесу өтті.

    Кездесуде көлік саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, Қытай компаниясының өкілдері Өзбекстандағы ақылы автомобиль жолдарын салу бойынша болашақ жобаларға қатысуға қызығушылық танытқанын жеткізді.

    Шетелдік компания өкілдеріне еліміздегі көлік және жол шаруашылығы саласында МЖС негізінде жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар туралы ақпарат берілді.

    Атап айтқанда, Дүниежүзілік банк пен Еуропа тіктелу және даму банкінің кеңесу көмегімен жүзеге асырылып жатқан Ташкент-Әндіжан, Ташкент-Самарқант ақылы автожолының құрылу жобасы, сондай-ақ Самарқант пен Шахрисабз қалалары арасындағы 66 шақырымдық автомобиль жолы мен Тахтақораша асуында 4,4 шақырымдық туннель құрылысының жобалары туралы пікір алмасты.

    Кездесу соңында Қытай компаниясы МЖС негізінде жүзеге асырылатын жобалар бойынша өзінің қаржылық, техникалық және басқа ұсыныстарын Транспорт министрлігіне ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates