Алдымен 21 июнь күні Шымкент қаласында «Узчармсаноат» бірлестігі және Қазақстан Республикасы өнеркәсіпті даму комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасарымен шағын кездесу өтті.

Сұхбатта Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамыту,  жергілікті кәсіпорындардың өнім өндіру көлемін Қазақстан аумағында кеңейту, сондай-ақ Шымкент пен Түркістан аумақтарында құрылатын арнайы индустриялық аймақтарға Өзбекстан кәсіпорындары үшін Қазақстан арнайы бағдарлама қабылдауы, кәсіпкерлерге жаратылған бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар туралы тұсаукесер өткізілді. 

Содан кейін Өзбекстан мен Қазақстан кәсіпорындарының қатысуымен кеңейтілген кездесу және G2B және В2В кездесулері өтті. Онда жергілікті кәсіпкерлерімізге Қазақстанда құрылған Индустрияны дамыту қоры арқылы тауар өндірушілерге құрал-жабдықтар сатып алуға және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге  жылдық 3 пайыз үстемемен 10 жыл мерзімге («теңге» ұлттық валютасында) несиелік қаражат бөлу туралы ақпарат берілді.  Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында кәсіпкерлерге айналым қаржыны толтыру үшін жылына 7 пайыздық үстемемен 3 жыл мерзімге (ұлттық валюта «теңгеде») несие қаржылары бөлінуіне қаратылған тұсаукесері өтті.

Сұхбатта Қазақстан индустрия мен экспорт орталығы тарапынан 14 арнайы экономикалық аймақ және 36 индустриалды аймақтарда жасалған жағдайлар және қолданылатын жеңілдіктер, сонымен қатар корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы, өнім реализациясындағы ҚҚС, импорттағы ҚҚС, жер салығы «нөлдік» ставкада қолданылуы туралы айтылды.

Өз кезегімен, Өзбекстанда былғары-аяқ киім және тоқымашылық салалары  Өзбекстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қабылданған тиісті қаулылары негізінде тұрақты қолдап-қуатталғандығы, жасалған жағдайлар туралы салалар бойынша даму стратегиялары Қазақстан  кәсіпкерлері үшін тұсаукесер өткізілді.

22 июньде Өзбекстан делегациясы Түркістан облысына сапармен барып, индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерімен танысты. Қазақстанға инвестиция құюға ниетті бизнесмендерге жасалған жағдай мен мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.

Нәтижеде, былғары-аяқ киім және тоқымашылық өнеркәсібінде жұмыс істейтін жергілікті «Peng Sheng» БК, «KFK», «Saxovat teks», «Grand Fayz Baraka» ЖШҚ кәсіпорындары Өзбекстандағы өндірісті кеңейту және екіжақты дамыту кооперация байланыстарды дамыту мақсатында Қазақстанда мақта өндіру, аяқ киім жасау үшін аяқ киім табандарын құю, терқ жинау және оны қайта өңдеу сияқты ұсыныстар талқыланып, келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі