Келіссөздер барысында Чехияның еңбек базарының қажеттіліктері үшін Өзбекстанда білікті кадрларды даярлау және ұйымдастырылған еңбек миграциясын дамыту мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, медицина саласының мамандары — медбикелер мен қарт адамдарды күту бойынша қызметкерлерді даярлау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Айтап айтар болсақ, Чехия жыл сайын Өзбекстан азаматтары үшін 150 еңбек визасының квотасын бөледі.

Сонымен қатар, Чехия тарапы медицина кадрларын шетелде жұмыс істеуге даярлау бойынша Ташкент қаласында ұйымдастырылған оқу курстарының қызметімен танысуға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысында тараптар осы бағыттағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келісті.