Компания басшысы Сун Хайлян соңғы жылдары еліміздегі барлық салалардағы сияқты көлік және жол шаруашылығы саласында жүргізілген реформаларға жоғары баға берді. Компания озық тәжірибесіне сүйене отырып, елімізде осы салада мемлекет-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылатын жобаларға қатысуға ниетті екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ компания басшысы көлік және жол шаруашылығы саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастықта біріккен жобаларды жүзеге асыру қажеттігін, мұның екі жаққа да бірдей тиімді екенін атап өтті.
Кездесу барысында шетелдік қонақтарға көлік және жол шаруашылығы саласындағы жүзеге асырылған инвестициялық жобалар туралы толық ақпарат беріліп, тұсаукесерлер өткізілді. Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықта біріккен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету мақсатында жеке жұмысшы топ құруға келісті, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.