“Шыршық” химия-индустриалды технопаркінде өнеркәсіп тармақтары жұмыс бастайды

    Ел назарында 21 Yanvar 2022 1252

    Бұл күндері Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – өнеркәсіп және сауда министрі А.Каримов басшылығындағы делегация өкілдері елімізде ресми сапармен елімізде жүр.

    Сапар аясында делегацияның өнеркәсіптік бағыттардағы резиденттері Ташкент облысындағы “Шыршық” химия-өнеркәсіптік технопаркінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

    Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта бұл жерде көптеген инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, өндіріс тармақтарының қызметін іске қосу жоспарлануда.

    Содан соң Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабоев, Шыршық қаласының әкімі Даврон Хидоятовтың, Ташкент облыстық әкімдігі өкілдері мен «Узкимёсаноат» АҚ мамандарының қатысуымен аталмыш өнеркәсіп паркі жобасының тұсаукесері өтті.

    Аталмыш технопарктің жалпы аумағы 31,2 гектарды құрайды, 2 мың 200 жұмыс орны ашылатыны тілге тиек етілді. Инженерлік инфрақұрылым мүмкіндіктері де жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, өндірістік ғимарат 133 мың шаршы метрді, әкімшілік ғимараттар 11 700 шаршы метрді, қойма тармақтары 30 000 шаршы метрді құрауда.

    Тұсаукесерде инвестициялық жобаларды ұсынып жатқан резиденттер үшін бірқатар шарттар белгіленген. Атап айтқанда, өндірістік құрал-жабдықтарды әкелуге салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Инженерлік инфрақұрылым үшін жер телімдерін бөлу үшін электрмен, сумен және газбен жабдықтау, дренаж, интернет және коммуникация желілері, автомобиль және теміржол қызметтері ұсынылады.

    Кездесуде татарстандық мамандар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды. Өзбекстан мен Татарстан Республикасы бизнесмендері арасындағы басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша ұсыныстар қарастырылды, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates