Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі мәселелері талқыланды

    Үстіміздегі жылғы 5 август күні Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CХЗО) аға вице-президенті Дениэл Рундемен кездесті.

    Өзбекстан Республикасы мен АҚШ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері тараптардың назарында болды. Мемлекеттеріміздің инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастығына, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үдерісіне қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

    Маңызды пайдалы қазбалар саласында ынтымақтастық орнату және нақты инвестициялық жобаларды әзірлеу мақсатында АҚШ іскерлік миссияларының Өзбекстанға сапарларын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    Кездесу соңында талқыланған барлық мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниетті екені білдірілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates