Оған Финлияндияның «Peikko Group», «Elematic», «AINS Group», «Kone» және «East office» сияқты ірі компаниялардың басшылары қатысты.
Кездесуде жаңа болашағы зор жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері сындарлы түрде талқыланды. Финляндия тарапына Өзбекстанда жасалған қолайлы бизнес-ортаның негізгі жақтары, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы мен электротехника өнімдерін өндіру салаларындағы жаңа инвестициялық жобалары ұсынылды.
Өз кезегінде, Финляндия компанияларының өкілдері жаңа жобаларға үлкен қызығушылық танытып, қысқа мерзімде жобаның алдын ала жұмыстарын аяқтап, тәжірибелік кезеңге өтуге дайын екендіктерін білдірді. Финляндия тәжірибесі мен технологияларын тарта отырып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттары негізінде бірқатар жобаларды жүзеге асыруға келісілді.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықтың барлық талқыланған бағыттары бойынша қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге ниетті екендіктерін білдірді және 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жасауға келісті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.