Тек Ферғана өңірінде күннің бірінші жартысында кей жерлерде аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы шамамен 6-8° айналасында жылы болады.

8 январьда Өзбекстанның солтүстік аумақтарына, ал 9 январь күні  республиканың барлық аумақтарына Волга бойы өлкесінен құрғақ, бірақ салыстырмалы түрде суық ауа массалары келеді деп күтілуде.

Ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Республиканың кей жерлерінде тұман  түсу күтіледі. Түнде температура  біраз төмендейді, ал күндіз ауа температурасы шамамен 5-10° жылы болады. Мұндай температура жағдайы январьдың бірінші онкүндігінің соңына тән, деп хабарлайды Өзбекстан гидрометеорологиялық қызметінің орталығы.