Демалыс күндері Өзбекстанның барлық аумағында жылы ауа райы сақталады, жауын шашын болмайды, 10 октябрь күні таңертең Ферғана аңғары облыстарында кей жерлерде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін.

Ауа температурасы күндіз 23-28 градус, оңтүстік және шөлейтті аймақтарда +29...+30 градусқа дейін көтеріледі. Ең жылы ауа райы сенбі күні болады, күндізгі температура +28...+30 градусқа дейін, оңтүстік және шөлді аймақтарда +32 градусқа дейін жетеді. Түнде +10...+15 градус шамасында болады.

10-11 октябрь солтүстікте желдің жылдамдығы 13-18 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде шаң-тозаңмен көтерілуі мүмкін.

Ташкентте ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура:

10 октябрьде 24-26 градус;

11 октябрьде түнде +10...+12, күндіз +26...+28 градус;

12 октябрьде түнде +12...+14, күндіз +26...+28 градус болады.