Президенттер бірлескен мәлімдемеге қол қойды

    Билік 10 Iyun 2021 4762

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Онда қол жеткізілген негізгі келісімдер және екі ел арасындағы көпжақты өзара тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мен нығайтудың ұзақ мерзімді мақсаттары қарастырылған.

    Бұл келісімдер өзбек-тәжік инвестициялық компаниясын құру, өнеркәсіп пен жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық, тау-кен ісі, Зарафшан өзенінде су электр стансасын салу жобасы бойынша акционерлік қоғам құру, жүк транзиті жайлы, сондай-ақ Дипломатиялық өкілдіктер үшін жер учаскелерін беру туралы келісімге өзгерістер енгізу, Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамалар, екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық Бағдарламасы және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша «Жол картасы» алмасылды.

    Жалпы энергетика, көлік, автокөлік құрастыру, электротехника, тау-кен және жеңіл өнеркәсіп, ғылым, білім, спорт және басқа салаларды қамтитын барлығы 35 құжатқа қол қойылды.

    БАҚ үшін ұйымдастырылған брифингкте Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмон келіссөздер әдеттегідей ашық, сенімді және достастық рұхта өткенін айтты.

    Тәжікстанмен тату көршілік қатынастарды одан әрі нығайту - Өзбекстанның сыртқы саясатының басты және өзгермейтін басымдығы. Біз көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың барлық мәселелерін мұқият қарастырдық. Бірде-бір бағыт назардан тыс қалмағанын атап өткім келеді, деді Мемлекет басшысы.

    Мемлекет басшылары сапар қарсаңында өткен Өңірлік форум мен Іскерлік кеңес отырысының жемісті нәтижелерін, сондай-ақ сапар барысында құны 1 млрд доллардан асатын келісімдер мен инвестициялық бітімге қол қойғанын мәлім етті.

    Өзбекстан мен Тәжікстан көлік және транзит саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Келіссөздер барысында көшбасшылар теміржол, автомобиль және әуе көлігін ұлғайту үшін одан әрі қолайлы жағдайлар жасау туралы уағдаласты.

    Шавкат Мирзияев Өзбекстан Тәжікстан Президентінің 2025 жылды Халықаралық мұздықтарды қорғау жылы және Халықаралық арнайы мұзды қорғау қоры ретінде белгілеу туралы бастамаларын толық қолдайтынын атап өтті.