Атап айтқанда, Ташкент облысы аумағында жалпы орта білім беретін мектептер мен мемлекеттік университетін құру үшін жер бөлінгенге дейін жобалау жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілді.
Құжатқа сәйкес:
облыстың Ташкент ауданы «Халимкуп» МАЖ шаруашылығы картасының «Көктерек Хосилот Файз» массивінің аумағындағы №272 контурында орналасқан 1,40 гектар мен Зенгіата ауданы “Фаробий” МАЖ шаруашылығы картасының Назарбек массиві аумағындағы №204 контурында орналасқан 1,5 гектарға жалпы орта мектептерін;
Нұрафшан қаласы «Дегантепа» МАЖ Нұрафшан қаласы бас жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы картасының 451, 452, 463, 464, 469, 470 контурлардағы “Nurafshon Business City” шекарасына тұтасқан аумаққа орналасқан 6,2 гектар жерге мемлекеттік университетті құруға жер алаңдары бөлінгенге дейін жобалау істері жүргізілуі үшін тиісті құжаттарды ресімдеуге рұқсат берілді.
Бұл туралы Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаев тиісті құжатқа қол қойды.