Ертең Өзбекстан аумағына ылғалды ауаның жаңа бөлігі енеді. Сенбі күні Бұхара, Науаи, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында, күндіз Самарқант, Жызақ облыстарында, кешке Сырдария облысында кей жерлерде жауын-шашын болады. Жексенбі күні республика бойынша кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы күтіледі.

Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

2-4 февраль күндері күндіз ауа температурасы 3-8 градус жылы шамасында болады. Түнде ауа температурасы негізінен 0-5 градус суық, кей жерлерде 3 градусқа дейін болады.

3-4 февраль күндері республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Астанамызда: бүгін және ертең жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус суық, күндіз 4-6 градус жылы болады.

Жексенбіде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-2 градус суық, күндіз 3-5 градус жылы болады.

Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады деп хабарлайды Өзбекстан гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.