Дәрі-дәрмектер қандай сақталады?

    Дәрілердің жарамдылық мерзімі біткеннен кейін оларды канализацияға төгуге болмайды.

    Бүгінде шығарылатын дәрілер орта есеппен 2-5 жылға арналған. Бірақ ол көрсетілген мерзімге дейін қандай жағдайда сақталатыны маңызды.

    Арнайы дәріханаларда дайындап берілген сұйық препараттарды 2-3 күн, ал ұнтақ күйінде сумен араластырылғанын 12-14 күнге дейін қолдануға болады. Үйде дайындалған тұнбалар мен қайнатпаларды үш күннен артық сақтауға болмайды.

    Қолдану кезінде, оны тоңазытқышта сақтау керек. Егер сұйық препараттың бетінде көбік немесе түсі өзгерсе, оны тастаңыз!

    Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілерді құбырға төгуге болмайды! Жақсысы оны өзінің қорапшасына салып, аузын бекітіп, қоқыс жәшігіне тастаңыз.

    Муаттар Хужаева,

    фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент.