Өзімізге-өзіміз дәрігер болмайық немесе неліктен дәрі-дәрмектің жарнамасын шектеу керек?

    Пікір 8 Yanvar 2023 2769

    Жақында «Док-1 Макс» дәрісін қабылдаған балалардың өлімі бәрімізді қатты қынжылтты. Бұл қайғылы оқиға біздің еліміздегі денсаулық сақтау және фармацевтика салаларындағы проблемаларды айқын көрсетті.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы тек ғана барлық тараптардың іс-әрекеттерін бірлестіру арқылы ғана мұндай жағдайлардың алдын алуға болады деп есептейді.

    Не істеу қажет?

    Біріншіден, дәрі-дәрмекті бақылаусыз қолдану тәжірибесін толығымен қайта қарау қажет, деп есептейміз. Өйткені, біз қайсы дәріні ішу керектігі жөнінде дәрігерлермен емес, дәріхананың сатушысымен кеңесеміз.

    Көптеген дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецептісіз дәріханадан оңай сатып алуға болады, ал бұл дәрі-дәрмектерді дұрыс пайдаланбау қаупін тудыруда.

    Түрлі елдерде жүргізілген зерттеулер ауруханаға жатқызылған науқастардың орта есеппен 10-20 пайыз дәрілер кері әсер берген жағдайлар байқалуда, бір қызығы, дамушы елдерде бұл көрсеткіш екі есеге жоғары.

    Естеріңізге сала кетейік, 2008-2018 жылдары Өзбекстанда дәрі-дәрмекпен өзін-өзі емдеу нәтижесінде денсаулығының нашарлауы салдарынан 2 300 жағдай тіркелген.

    Сондықтан, біріншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында дәрі-дәрмектің тікелей жарнамасына шектеу енгізу қажет деп есептейміз. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек жарнамасын тек Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің рұқсатымен жүзеге асыру. Алдағы уақытта БАҚ-та дәрі-дәрмектің тікелей жарнамасына тыйым салу мүмкіндігін қарастыру. Осы мақсатта Түркия, Швейцария, Канада сияқты елдердің тәжірибесін зерттеу.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану мен өзін-өзі емдеудің деңгейін артуы жарнамаға байланысты. Мұндай емдеу нәтижесіндегі болатын өлім жағдайы жарақаттардан, қан айналымы ауруларынан, онкологиялық және пульмонологиялық аурулардан кейін 5-орында тұрады. Әрине, тұтынушылар дәрі-дәрмектерді қолданудан туындаған кері әсерлердің, олардың үйлесімділігін және ағзаның индивидуалды реакция қаупін бағалай алмайды.

    Шындығында, біз дәрі-дәрмекке қарапайым халық тұтынатын тауарлар ретінде қараймыз, бұл жағдайды одан сайын қиындатады. Сондықтан бұл мәселе әрбір 100 мың тұрғынға орташа 25-27 дәріхана тура келетін Өзбекстан үшін өзекті.

    Екіншіден, дәрі-дәрмек заттарды жарнамалауға қатысты заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отырмыз. Өткен жылы «Жарнама туралы» Заң қабылданды. Онда дәрі-дәрмек жарнамасына сай нақты ережелері белгіленгенімен, біз әр күні теледидарда, радио және басқа да түрдегі жарнамаларда заң талабының бұзылғанын көріп жүрміз. Фармацевтикалық компаниялардың заң талаптарына немқұрайды қарайтынын көріп отырмыз.

    Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне сәйкес, жарнама бойынша заңдылықты бұзғандық үшін базалық есептеу мөлшерінің он бес еселенген мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Алайда, дәрілік заттарды жарнамалауға қатысты тәртіп пен заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған.

    Осы себепті, дәрілік заттардың жарнамалауға байланысты тәртіп пен заңдылықты бұзғаны үшін бөлек әкімшілік жауапкершілік, ал мұндай жағдайлар ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда қылмыстық жауапкершілікті белгілеу қажет деп есептейміз. Италия, Швейцария, Канада, Жапония, Финляндия, Германия, Венгрия, Ұлыбритания, тағы басқа да елдердің өзін-өзі емдеу проблемаларды шешуде заң бұзушылықтары үшін жауапкершілікті күшейткенін көреміз.

    Үшіншіден, дәрілік заттарды өндірушілердің, импорттаушылардың және сертификаттау ұйымдарының жауапкершілігін күшейту өте маңызды саналады. Хабарланғандай, «Док-1 МАКС» және «Амбронол» дәрілерді тексергенде анықталған «Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы» белгілеген тәртіппен зертханалық зерттеулерден өтпеген. Соның салдарынан сапасыз дәрілердің сатылымға шығуына жол берілген. Осы мақсатта Қылмыстық кодекстің 186-3-бабы субъектілерінің қатарына сапасыз, жалған және талаптарға сай келмейтін дәрілік заттарды таратуға жол беретін тұлғаларды енгізу ұсынылып отыр.

    Төртіншіден, азаматтардың заманауи диагностикалық мүмкіндіктерді пайдалануды, емдеудің бірыңғай стандарттарына негізделген медициналық сақтандыру жүйесіне көшуді жеделдету қажет. Адамдар көбінесе өзін-өзі емдеуге ұрынуда, нақты диагнозды білмей, жарнамаға сеніп, әртүрлі дәрі-дәрмектерді қабылдап жатыр. Мұндай қателіктер дәрігерлердің дәрі-дәрмек жазып беруінде де орын алады. Өкінішке орай, олардың кейбіреулері белгілі бір дәрі-дәрмектерді насихаттаудан қаржылық пайда іздейді. Сондықтан медициналық сақтандыру жүйесіне мүмкіндігі барынша тезірек көшу керек.

    Бесіншіден, фармацевтика саласында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету қажет. Халық қандай дәрі-дәрмек импорт жасалып жатқанын, өндірушілер кім екенін, олардың шетелдегі беделін, сертификаттау үдерісі қалай жүргізілетінін білуге ​​құқылы. Сондай-ақ, жалпы халықты қызықтыратын фармацевтика саласы бойынша ақпарат беретін ашық мәліметтер базасын құру қажет деп есептейміз. Сатылатын дәрілердің барлық түрлерін міндетті цифрлық таңбалау үдерісін жеделдету маңызды. Сатып алушы маркировка арқылы дәрінің түпнұсқалығын тексере алады.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы парламентті, жауапты министрліктер мен кеңселер шұғыл шаралар қабылдауға, медициналық мекемелер мен фармацевтика саласы институттарын, ең алдымен коммерциялық емес, әлеуметтік мүдделерді үстем қоюға шақырады.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.