Антибиотиктерді дәрігердің рецебінсіз сатуға заңмен тыйым салынады

    Денсаулық 28 Iyul 2021 2244

    Кейінгі кезде, көпшілік адамдар өкпе қабыну үдерісінде, дене температурасы көтерілгенде және басқа ауруларда біліп-білмей, антибиотиктерді пайдалануды ғдетке айналдырды. Әсіресе, бүгін коронавирусқа шалдыққан жерлестеріміз арасында өз бетінше антибиотик және гормон алу жағдайлары өте көп кездесуде.

    Оған тек олардың жеткілікті медициналық білімге ие емес екені, кейбір жағдайларда дәріхана иелерінің осы дәрілермен сауда жасау бойынша елімізде белгіленген тәртіп-ережелерд, сақтамағаны себеп болуда. Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі осы тақырып туралы Денсаулық сақтау министрлігінің құзырындағы Фармацевтика тармағын дамыту агенттігінің басқарма бастығы Муҳаббат ИБРАГИМОВАмен сұхбаттасты.

    — Антибиотиктер медицинада ең көп білетін және оның дерлік барлық салада қолданылатын дәрі-дәрмек саналатыны белгілі, — дейді М.ИБРАГИМОВА. — Бірақ оларды дұрыс пайдаланбау түрлі жағдайларға әкелуі мүмкін.

    Сонымен қатар кейінгі кездерде антибиотиктерді орынсыз пайдалану нәтижесінде ауруға себеп болатын бактериялардың препараттарға шыдамдылығы артуда. Бір ғана мысал, бұдан 15-20 жыл бұрын пенициллин көптеген бактериологиялық ауруларға қарсы тиімді құрал саналған болса, ал қазір бұл бактериялар аталмыш антибиотикті “менсінбейді”.

    Тіпті, бүгін елімізде кейбір науқастар осы дәрілер вирусты ауруларды, сондай-ақ, “COVID-19” инфекциясын емдеуде өз бетінше пайдаланып жатқаны, тұрғындардың жағдайын одан да ауырлатып, кейбір жағдайда өлімге де себеп болуда.

    Антибиотиктерді өз бетінше пайдаланудың алдын алу еліміз дәріханаларында осы дәрілердің бөлшек саудасын белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыру қаншалықты маңызды?

    — Айтып өту қажет, еліміз заңдылығына қарағанда, антибиотиктерді дәрігердің рецептінсіз беруге тыйым салынады. Сонымен қатар, “Дәрі құралдары мен фармацевтика қызметі туралы” Өзбекстан Республикасының заңына сәйкес, дәрілерді рецеппен (антибиотиктер осылар қатарында) дәріханалардан бөлшек сауданың реализациясын жасау Министрлер Кабинеті тарапынан бекітілген ережелері негізінде жүзеге асырылуы белгіленген.

    Осы сияқты дәрілік препараттарды дәріханаларда сату Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бекітілетін формадағы рецепттер бойынша немесе бекітілген Рецептсіз берілетін дәрілердің тізіміне қарай рецепсіз жүзеге асырылады. Президентің 2019 жылғы 6 сентябрдегі тиісті Қаулысына орай, медициналық ұйымдарда мүліктік және кеңсеге қатыстылығынан тыс , ауруларға рецепт бойынша берілетін дәрілерді беруге тыйым салынады.

    Бұл тәртіпке бағынбағандарға қандай шаралары қолданылады?

    — Елімізде дәріхана қызметкері рецептпен берілетін дәрілерді рецепсіз сатқаны үшін заңды жауапкершілік белгіленген.

    Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасның Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 1651-бабы (дәрілерді рецепт бойынша бөлшек сауда реализациясы тәртібін бұзу) және Өзбекстан Республикасның Қылмыс кодексі 1863-бабына (құрамында күшті әсер етуші заты бар дәрілерді рецепт бойынша бөлшек саудада реализациялау тәртібін бұзу) қарағанда, мұндай тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады.

    Сондай-ақ, Министрлер Кабинетінің 2017 жылғы 12 майдағы 284-санды қаулысы негізінен осы заңбұзушылықты дәріхана тұрақты түрде (бір жыл ішінде екі және одан көп рет) жүзеге асырса, бұл жағдай лицензия талаптарының және шарттарының өрескел бұзылғаны саналып, лицензияның мерзімі белгіленген тәртіппен тоқтатылады.