«Doubletree Capital Bank» алғашқы инвестициялық жобаларын Өзбекстанда жүзеге асырмақ

    «Узчармсаноат» бірлестігінде АҚШ-тың “Doubletree Capital” банктің Орталық Азия өкілеттігінің басшысымен кездесу өтті. Сұхбатта екіжақты ынтымақтастықты жолға қою мен тері өнеркәсібі саласындағы жаңа біріккен жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды.

    Кездесу басында банк өкілдеріне тері өнеркәсібі саласындағы реформалар, өндіріс, инвестиция, еліміздің экспорттық әлеуеті туралы ақпарат берілді.

    Өз кезегінде, банктің Орталық Азиядағы өкілеттігінің басшысы соңғы алты жылда өңірдегі жобаларды қаржыландыру мақсатында елдер үйреніліп, нәтижелері талданғанын мәлімдеді. Нәтижесінде банктің алғашқы инвестициялық жобаларын Өзбекстанда бастау туралы шешім қабылданғаны атап өтілді.

    Ақпарат үшін, “Doubletree Capital Bank” АҚШ-та 20 жылдан бері жұмыс істейді. Ол шетелдерге 30 миллиард доллардан астам инвестиция салған. 20 миллион доллардан 100 миллион долларға дейінгі ірі жобаларды қаржыландыруға қатысады.

    Кездесуде банк өкілдері Өзбекстандағы соңғы өзгерістер, әсіресе былғары өнеркәсібіндегі қарқынды өсу қатары инвесторларды елге тартып жатқанын хабарлады. Сол себепті Оңтүстік Корея инвесторлары 20 миллион долларға республикамызда теріні қайта өңдеу, аяқ киім өнімдері, былғары бұйымдарын өндіру және кадрларды даярлау бағыттарында «Узчармсаноат» бірлестігімен ынтымақтастықта біріккен кәсіпорындар, жаңа жобаларды іске қосуды көздеп отыр.

    Бастапқы жобалар үшін банк тарапынан Өзбекстанмен ынтымақтастықта теріні қайта өңдеу, аяқ киім бұйымдарын өндіру бағытнда жаңа біріккен кәсіпорындарды ашқысы келетін Оңтүстік Корея инвесторларына жеңілдетілген пайыздық несиелер бөлінеді. Осы қаржыларға инвесторлар Италия, Германия, Оңтүстік Корея елдерінен технология, құрал-жабдықтар, қосалқы материалдар, шикізат әкеліп, елімізде өз қызметін бастайды. Алғашқы кәсіпорындар автомобильжасау және мебельжасау өнеркәсібі үшін дайын былғары өндіруге мамандандырылады. Дайын өнімдер толығымен Оңтүстік Корея мен Еуропа елдеріне экспортталады.

    Сондай-ақ, ынтымақтастықтың екінші бағыты былғары өнеркәсібі саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлауға бағытталған. Банктің арнайы гранттары негізінде сала үшін дизайнерлер мен технологтарды даярлаудың арнайы бағдарламасы жүзеге асырылуда.

    Кездесу соңында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында меморандумға қол қоюға келісілді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.