Доха-Ташкент-Доха бағыты бойынша тұрақты әуе рейстері ашылды

    Катар мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың маңызды басқышы екі елдің астаналарына тікелей тұрақты әуе қатынауы жолға қойылды.

    2 июнь күні сағат 10:28-де “Qatar Airways” әуе компаниясының Ташкентке белгіленген алғашқы рейсі Доха ауе жайынан ұшты. Өзбекстан астанасына Airbus 320 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-те қонды. Ұшу уақыты 3 сағат болды.

    «Ташкент» халықаралық әуе жайындағы жаңа әуе қатынауының ашылу салтанатында «Uzbekistan Airports» акционерлік қоғамының басшысы Жавлонбек Умарходжаев, «Ташкент» халықаралық әуежайының директоры Жасур Полатов, Азаматтық авиация агенттігінің басшысы Тохир Назаров, Өзбекстан Транспорт министрлігі Әуе транспорты басқарма бастығының орынбасары Жамолиддин Назаров, Катар азаматтық авиация департаментінің басшысы Мохамед Фалех Ал-Хажри, “Qatar Airways” әуе компаниясының Шығыс аймақтары бойынша бас вице-президенті Марван Колейлат, сондай-ақ екі елдің журналистері мен блогерлері қатысты, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    «Бүгін біз үшін ең жақсы авиакомпаниялардың бірі Ташкент әуежайына тұрақты рейстерді жүзеге асырған күн. Екі ел арасындағы әуе қатынауы тек А нүктесінен В нүктесіне ұшу ғана емес, сонымен қатар өткен жылдың аяғындағы жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлардан кейін мүлде жаңа басқышқа көтерілген екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Өзбекстан Катарды Таяу Шығыстағы болашағы зор экономикалық серіктес деп санайды. Өзара қарым-қатынастарды дамыту мақсатында тараптар Орталық Азияны Парсы шығанағы елдерімен байланыстыратын ең қысқа, сенімді және қауіпсіз көлік-логистикалық дәліздерді қалыптастыруға мүдделі», — деді «Uzbekistan Airports» басшысы Жавлонбек Умарходжаев.

    «Ташкент бағыттары желіміздің географиясын кеңейтудің жаңа нүктесі болды. Осы жаңа бағыт Катар мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, бизнес, туризм және мәдени алмасулар үшін кең есіктер ашатынына сенімдіміз. Доха – Ташкент – Доха бағыты бойынша жолаушылар рейсі аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus A320 ұшағымен жүзеге асырылады. Алдағы уақытта Ташкентке ұшу жиілігін арттырып, Бұхара мен Самарқантқа рейстер ашуды қарастырып жатырмыз», — деп қосты шығыс аймақтың бас вице-президенті Марван Колейлат.

    Qatar Airways – Катардың ұлттық әуе компаниясы болып, бас шатап пәтері Дохада орналасқан. Әуе компания әлемнің 170-тен астам бағытына ұшады. Qatar Airways көптеген беделді марапаттарға ие болды және Skytrax тарапынан жеті рет әлемнің ең үздік әуе компаниясы деп танылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates