Бұған
дейін кәсіпкер тарихта капиталы 1 триллион доллардан асқан алғашқы адам атанған
еді. Оның байлығының күрт өсуі өзі негізін қалаған SpaceX компаниясының
акциялары биржаға шығарылғаннан кейін байқалды. Акциялардың бағасы бір данасы
үшін 163 долларға дейін көтерілді, деп хабарлады Kazinform.
Технология
саласының басқа да өкілдері айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Meta
компаниясының негізін қалаушы Марк
Цукерберг өз байлығын 9,16 миллиард долларға арттырса, Oracle компаниясының тең
құрылтайшысы Ларри Эллисонның капиталы 8,92 миллиард долларға көбейді.
Google негізін қалаушылары Ларри Пейдж пен Сергей Брин сай ретінде 7,61 миллиард және 7,01 миллиард долларға байыды. Ал Amazon копаниясының негізін қалаушы Жефф Безостың байлығы 6,96
миллиард долларға артты.
Қазіргі уақытта рейтингтің екінші сатысында
314 миллиард доллар активі бар Ларри Пейдж тұр. Одан кейін Сергей Брин (292
миллиард доллар), Жефф Безос (267 миллиард доллар) және
Ларри Эллисон (247 миллиард доллар) орналасқан.
Өсім тек рейтингтің жоғарғы бөлігіндегі
миллиардерлермен шектелген жоқ. Bloomberg мәліметінше, әлемдегі ең бай 500
адамның тізіміндегі соңғы 12 қатысушының әрқайсысы да рекордтық деңгейдегі
байлыққа жеткен. Олардың әрқайсысының капиталы кемінде 7,9 миллиард долларды
құрайды.
Bloomberg
Billionaires Index рейтингі 2012 жылдан бері жарияланып келеді және әлемдегі ең
бай 500 адамның байлығын тұрақты түрде бақылап отырады.