“E-ekspertiza” біріңғай электронды ақпарат жүйесі іске түсіріледі

    Цифрландыру 6 Iyul 2021 1301

    2021 жылы 5 июльде “Өзбекстан Республикасында сот-сараптама жүйесін жетілдіру іс-шаралары туралы ” Президент жарлығы (ПФ–6256-санды) қабылданды.

    Жарлықта Өзбекстанда сот-сараптама қызметін дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған концепциясы және концепция бойынша 2021–2023 жылдарда жүзеге асырылатын істер туралы “Жол картасы” бекітілді.

    Жарлыққа орай, Әділет министрлігі құзырындағы Х.Сулаймонова атындағы Республикалық сот-сараптама орталығы құрылымында заңды тұлға ұйымдаспаған жағдайда Сот-сараптамалық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды.

    Институт сот-сараптамасы саласында ғылыми-зерттеу істерін жүзеге асырады.

    2021 жыл 1 сентябрьден:

    - Мемлекеттік және бейемлекеттік сот-сараптама ұйымдарына келісімшарт негізінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне сәйкес, сот сараптамасының түрлері бойынша зерттеу өткізу құқығы беріледі;

    - экономикалық, азаматтық және әкімшілік іс жүргізуде адвокатқа сот-сараптама ұйымдарында келісімшарт негізінде адвокат сұрауына қарай сараптама өткізу бастамасымен шығуға рұқсат беріледі;

    - беймемлекеттік сот-сараптама ұйымдары сарапшыларды әр 3 жылда бір рет аттестациядан өткізу механизмі енгізіледі.

    - 2022 жыл 1 марттан тұрғындарға және құзіретті органдарға сот-сараптамалық қызметіне қатысты мәліметтерді жеткізу және ақпараттық ынтымақтастықтың барлық түрлерін қамтамасыз етуге арналған “E-ekspertiza” біріңғай электрондық ақпараттық жүйесі іске түсіріледі.

    Сондай-ақ, салада кадрларды дайындау ЖБМ-де дуал білім қағидаларына сәйкес, кемінде 6 айлық сарапшылар дайындау курстарында жүзеге асырылуы мүмкін.

    Жарлықта сондай-ақ, 2021–2025 жылдарда енгізілетін сараптама және зерттеу түрлерінің тізімі (16-сы) бекітіледі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates