Жарлықта   Өзбекстанда сот-сараптама қызметін дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған концепциясы және концепция бойынша 2021–2023 жылдарда жүзеге асырылатын істер туралы “Жол картасы” бекітілді.

Жарлыққа орай, Әділет министрлігі құзырындағы  Х.Сулаймонова атындағы Республикалық сот-сараптама орталығы құрылымында заңды тұлға ұйымдаспаған жағдайда Сот-сараптамалық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды.

Институт сот-сараптамасы саласында ғылыми-зерттеу істерін жүзеге асырады.

2021 жыл 1 сентябрьден:

- Мемлекеттік және бейемлекеттік сот-сараптама ұйымдарына келісімшарт негізінде  жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне сәйкес, сот сараптамасының түрлері бойынша зерттеу өткізу құқығы беріледі;

- экономикалық, азаматтық және әкімшілік іс жүргізуде адвокатқа сот-сараптама ұйымдарында келісімшарт негізінде адвокат сұрауына қарай сараптама өткізу бастамасымен шығуға рұқсат беріледі;

- беймемлекеттік сот-сараптама ұйымдары сарапшыларды әр 3 жылда бір  рет аттестациядан өткізу механизмі енгізіледі.

- 2022 жыл  1 марттан тұрғындарға және құзіретті органдарға сот-сараптамалық қызметіне қатысты мәліметтерді жеткізу және ақпараттық ынтымақтастықтың барлық түрлерін қамтамасыз етуге арналған  “E-ekspertiza” біріңғай электрондық ақпараттық жүйесі іске түсіріледі.

Сондай-ақ, салада кадрларды дайындау  ЖБМ-де дуал білім қағидаларына сәйкес, кемінде 6 айлық сарапшылар дайындау курстарында жүзеге асырылуы мүмкін.

Жарлықта сондай-ақ, 2021–2025 жылдарда енгізілетін сараптама және зерттеу түрлерінің тізімі (16-сы) бекітіледі.