Eiffage компаниясы Өзбекстан аймақтарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруға атсалыспақшы

    Үстіміздегі жылдың 10 октябрінде Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Eiffage компаниясының даму және институционалдық байланыстар жөніндегі директоры Николас Сюро басшылығындағы делегациямен келіссөздер жүргізді.

    Тараптардың басты назарында Өзбекстан аймақтарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асырудың бүгінгі жағдайы болды.

    Жобадан алдынғы зерттеулерді жүргізу және құрылыс жұмыстарын бастаудың практикалық жақтары қаралды. Туындаған мәселелер бойынша конструктивті, өзара үйлесімді жанасулар әзірленді, болашақта ынтымақтастық жасау форматы мен жобаларды жүзеге асыруға қатысты іс-шаралар белгіленді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Eiffage - штаб-пәтері Велизи-Виллакулейде (Франция) орналасқан француз құрылыс компаниясы. 1992 жылы Fougerolle және SAE бірлесуінің нәтижесінде құрылған. Бұл МЖӘ және концессияларға негізделіп жолдар, электр станциялары, құрылыс және қаланы құру жобаларына мамандандырылған Франциядағы жетекші құрылыс компанияларының бірі саналады. Ол әлемнің 50 елінде жұмыс істейді. Активтері – 37,8 миллиард еуро. Компанияның 76 300 жұмысшысы бар.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates