Экспорт және транзит әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды құжаттарға қол қойылды

    Билік 25 Noyabr 2022 7216

    25 қарашада Науаи еркін экономикалық аймағы мен Науаи халықаралық әуежайының жүк терминалын басқару туралы құжаттарға қол қойылды.

    Салтанатты шараға Президент Шавкат Мирзияев қатысып, сөз сөйледі.

    – Бүгінгі таңда әлемдегі геосаяси жағдай әрбір елден өз мүмкіндіктері мен ресурстарын дұрыс пайдалануды, жаңа сауда-логистикалық дәліздер құруды талап етуде. Осыған байланысты біз әлемнің беделді компанияларымен келіссөздер жүргізіп, ең қолайлы ұсыныстарды зерделеп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – 2030 жылға қарай еліміздің экспорттық әлеуетін кем дегенде 3-4 есеге арттыру, – деді Мемлекет басшысы.

    «Науаи» еркін экономикалық аймағы мен Науаи халықаралық әуежайының өнеркәсіп пен логистика жағынан үлкен мүмкіндіктері бар. Оларда қажетті инфрақұрылым мен жүйе жасалған. Оны тиімді пайдалану мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінің «DP World» компаниясымен «Навуаи» еркін экономикалық аймағын басқару, «Terminals Holding» компаниясымен Науаи әуежайының жүк терминалын басқару туралы келісімге қол қойылды.

    «DP World» «Науаи» еркін экономикалық аймағында шетелдік инвесторлардың талаптарына сәйкес келетін халықаралық құқықтық нормаларды енгізу арқылы ірі өндірушілерді тартады.

    «Terminals Holding» компаниясы Науаи халықаралық әуежайының жүк айналымын күрт арттырумен және оны ірі карго хабтармен байланыстырумен айналысады. Бұл ынтымақтастық Өзбекстанның негізгі халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялануына және транзит көлемін кемінде он есеге арттыруға айтарлықтай үлес қосады.

    Жалпы, бұл екі келісім Өзбекстанда инновациялық және жоғары технологиялық қызметтерді арттыруға, экономика үшін ең маңыздысы болып табылатын көлік коммуникациясын дамытуға қызмет етеді.

    – Осы екі компанияның Өзбекстандағы бизнесінің қарқынды дамуына тілектеспін. Бұл жобалар елдеріміз арасындағы тығыз ынтымақтастықтың ауқымын одан әрі ұлғайтады деп ойлаймын, деді сөзінің соңында Мемлекет басшысы.

    Салтанатты шарада «DP World» және «Terminals Holding» компанияларының басшылары жасалған келісімдерге риза екендіктерін білдіріп, бұл екі тарап үшін де үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

    Осымен Мемлекет басшысы Науаи облысына сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates