Елшіліктің «Алтын дәптеріне» енген жерлесіміз Сұрхандария облысында инвестициялық жобаны жүзеге асыруда

    Бизнес 16 Dekabr 2021 1525

    Мемлекетіміздің Сеулдегі Елшілігі тарапынан «Алтын дәптерге» енген Оңтүстік Кореяда қызмет көрсеткен жерлесіміз Уктам Жумаев Сұрхандария облысының Ангор ауданына қарасты Навруз махалласында тұрмыстық қызмет көрсету орталығы мен сауда орталығын құрған еді. Ол бүгінгі күннің сұранысына орай, аталмыш ғимаратта қайта жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды «Дуня» AA.

    Аталмыш сауда орталығы 3 қабаттан тұрады және оның пайдалану ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабатта тігін цехы, кондитерлік цех, екінші қабатта азық-түлік және киім-кешек және тұрмыстық бұйымдар дүкендері, сондай-ақ үшінші қабатта оқу орталығы (корей және ағылшын тілдері, тестке дайындық және жүргізушілік курстары) ұйымдастырылады.

    Инвестор жерлесіміздің айтуынша, ғимарат ауданда заманалық сәулеткерлігімен, құрылысымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сан алуандығымен ерекшеленеді.

    Уктам Жумаев осы жобасына отбасылық капиталынан 250 мың АҚШ долларын жұмсағанын және бұдан кейін де қызмет түрлерін кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу, халыққа сапалы әрі үлгілі қызмет көрсету бағытында жұмыс істеп жатқанын айтты.

    Жерлесіміз сұхбатында өзінің және отбасы мүшелерінің тағы да бірнеше инвестициялық жобалары бар екенін және оларды жүзеге асыруда елшілік пен Ангор ауданы әкімшілігімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates