Осыған орай:

1) «Электрондық рецепт» жүйесі Ташкент қаласында және 15 пилоттық ауданда (қалада) кезең-кезеңімен енгізіледі, онда дәрігерлер дәрілік заттардың халықаралық патенттік емес атауларына электронды рецепттер береді және оларды электронды жүйеге енгізеді;

2) қажетті техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда, медициналық және фармацевтикалық ұйымдары DMED ақпараттық жүйесіне тегін қосылады және олардың ақпараттық жүйелері Денсаулық сақтау министрлігінің цифрлық платформасына интеграцияланады;

3) «Электрондық рецепт» жүйесі негізінде берілетін дәрілік заттардың тізімі кезең-кезеңімен қалыптасады, онда жеке тізімдер әлеуметтік қауіпті және салада туындайтын қажеттіліктерді ескере отырып, әрбір кезеңде Сарапшылар кеңесі тарапынан дайындалады және бекітіледі;

4) жүйелі әсерге ие антибиотиктер, синтетикалық антибактериялды препараттар, гормоналды препараттарға электрондық рецепт міндетті болатынын көздейтін бірінші кезең белгіленді;

5) дәрiгердiң электрондық рецепттерді жазу бойынша өкілеттері, сонымен қатар белгiлi бiр медициналық ұйымда жоқ дәрiлiк заттарды тағайындау және кейiншелік дәрiханалар фармацевтері тарапынан осы мәліметті жүйеге енгізудің құқықтық негіздері нығайтылады;

6) дәріханаларда рецепті дәрі-дәрмектерін электронды рецепт негізінде беру (оның ішінде науқастаң ЖШШИР арқылы) тәртібі белгіленеді, сонымен қатар жүйе толығымен енгізілгенге дейін және төтенше жағдайларда ерекшелігіне қарай қағаз көрінісіндегі рецепттерді беру мүмкіндігі сақталады;

7) науқастың немесе оның өкілінің электрондық рецепті болмаған жағдайда, дәріхана фармацевтіне жеке басын куәландыратын құжат негізінде (қағаз немесе электрондық формада) ЖСШШИР-ге енгізіп, жүйе арқылы электронды рецептпен танысу және рецепт бойынша дәрілерді беру құқығын беретін механизм белгіленеді;

8) еліміздің және шетелдегі азаматтардың медициналық көмек пен дәрілік заттарды (оның ішінде төтенше жағдайларда) алуға құқықтары қамтамасыз етіледі, жүйені енгізу кезеңдері мен дәрілік заттардың тізімдері туралы халыққа ресми көздер арқылы хабарланады;

9)тұрақты түсіндіру істері мен қайта байланыс жүйесі, сонымен қатар тәулік бойы жұмыс істейтін 1003 «Call-орталығы» қызметі жолға қойылып, осы арқылы:

 - төсекте жатқан және созылмалы аурулары бар науқастар отбасылық дәрігерге хабарласа алады;

- отбасылық дәрігерге (тиісті жағдайларда тар сала мамандарына) қашықтан хабарласу арқылы электронды рецепт алуы;

- нұсқаулар болған кезде, патронаж қызметінің ұйымдастырылуы және қажет болған жайғдайда үйде медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі;

10) емдейтін дәрігердің шешіміне орай, созылмалы аурулары бар науқастарға:

–       60 күнге дейінгі емдеу кезінде – Халықаралық аурулар классификациясына сәйкес кодталған, созылмалы ауруларды емдеу үшін тағайындалған, сондай-ақ анаболикалық белсенділігімен сипатталатын дәрілер үшін;

- 90 күнге дейінгі емдеу кезеңінде - басқа дайын дәрілік заттар үшін (реимбурсация аясында - 30 күнге дейін) рецепт жазудың ерекше тәртібі белгіленеді.

Мұндай жағдайларда электронды рецепттің және тиісті QR-кодтың мерзімі белгіленген емдеу курсының ұзақтығына сәйкес ұзартылады.

 «Электрондық рецепт» жүйесі, ең алдымен, емдеу қауіпсіздігін арттыруға, дәрілік заттарды тағайындаудағы жауапкершілікті күшейтуге, олардың айналымын реттеуге бағытталған. Бұл жүйе тұрақты мониторинг негізінде азаматтар мен медицина мамандарының пікірлерін ескере отырып, кезең-кезеңімен енгізілуде.