Бұл туралы жақында қабылданған Министрлер Кабинетінің «Көлік құралдарын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралары туралы» қаулысында белгіленді.
Қаулыға сәйкес, 2026 жылдан бастап «А1» кіші санатындағы жүргізушілік куәлігін алуға үміткерлерге жүргізушілерді даярлаудың міндетті оқу бағдарламасын өтемей-ақ, тікелей теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру құқығы беріледі. Сонымен қатар, үміткерлер өз қалауы бойынша оқу курстарында (онлайн немесе офлайн формасында) оқуы немесе өз бетінше даярлануы мүмкін болады.
Жүргізушілік куәлігін алу үшін үміткерлерден жүргізушілерді даярлайтын оқыту бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат талап етілмейді.
«А», «В», «С», «D» санаттарындағы көлік құралдарының бірін басқаруға құқық беретін ұлттық жүргізуші куәлігі бар тұлғалар «А1» кіші санатындағы көлік құралдарын тікелей басқаруға құқылы.
«А1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын беретін ұлттық жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханда 20 сұрақтың кемінде 16-сына дұрыс жауап берген жүргізушілікке үміткерлер практикалық емтиханға (басқа санаттар үшін 18-іне) жіберіледі.
2026 жылдың 1 февралынан бастап «А» және «В» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін үміткерлер жүргізушілерді даярлау бойынша міндетті бағдарламаның теориялық бөлігін өз бетінше меңгеруі мүмкін болады.
«А» және «В» санатындағы көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі оқу топтарын Мемлекеттік Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінде тіркеуге алу тәртібі жойылады.
2026 жылдың 1 апрелінен бастап арнайы автоматтандырылған фото және бейнетіркеу жүйелері арқылы тіркелген тиісті жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін де айыппұл баллдары белгіленетін болады.
Айыппұл баллдары көлік құралдарының меншік иесі мен осы көлік құралынан азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде белгіленген тәртіпте (сенімхат, сақтандыру полисі, жол қағазы) пайдаланушы басқа жүргізушілерге бөлу тәртібі енгізіледі.








