Бұл Президенттің 2025 жылғы 13 февральда қол қойған заңда көрсетілген.
Осыған орай, аталған заңның 233-бабына енгізілген қосымшаға сәйкес, бұдан былай жыл сайынғы еңбек демалысы уақытына ақы төлеуде жексенбі күндері есепке алынбайды. Бұл жаңалық пайдаланылмаған еңбек демалыстары үшін ақшалай компенсацияларына да қатысты.
Сонымен қатар, заңға енгізілген жаңа өзгерісте жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы 12 айлық мерзім ішінде жалпы үш айдан аспауы керектігі қарастырылған.
Сондай-ақ, жаңа өзгеруге орай, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға немесе 12 жасқа дейінгі екі және одан да көп баланың ата-анасына немесе қамқоршысына ең көбі 14 күнтізбелік күнге дейін жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.
Сонымен қатар 18 жасқа толмаған тұлғаларға уақытша жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Егер қосымша жұмысының негізгі жұмысы қолайсыз еңбек жағдайларына байланысты болса, мұндай жағдайларда (денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда) жұмыс істеуге жол берілмейді.