Қазір Ташкент мемлекеттік стоматология институтын бітірген түлектердің дипломдары дүниежүзіне танылады.
Бұл халықаралық аккредитациялау Өзбекстандағы білім беру бағдарламаларының халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау үдерісі болып табылады. Жоғары білім сапа кепілдігін Еуропа ассоциациясының (ENQA) мүшесі және Сапа кепілдігі агенттіктері Еуропа реестеріндегі (EQAR) тәуелсіз шетелдік агенттік өткізді.
Бұл мойындау институт ұжымы үшін халықаралық білім беру саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтеді. Атап айтқанда, білім беру бағдарламаларының әлем қауымдастығы тарапынан мойындалуы, шетел ЖОО-лармен ынтымақтастық орнату және дамыту, оқу үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бітірушілер құзыреттілігін арттыруға қызмет етеді.
Ташкент мемлекеттік стоматология институтына халықаралық аккредитациялау сертификаттарын тапсыруға арналған шараға Денсаулық сақтау министрі Б.Мусаев пен Жоғары және орта арнаулы білім министрі А.Ташқұлов қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Ташкент мемлекеттік стоматология институты 20-дан астам дамыған елдердің 100-ден астам жетекші шетелдік ЖОО мен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан. Халықаралық сапа менеджменті — ISO 9001: 20.15 сертификатына және Финляндияның JAMK университетімен ынтымақтастықта «Медицина және инновациялар» ғылыми-практикалық журналына ие.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.