Кездесу барысында қолданыстағы біріккен жобалардың орындалу барысын, сондай-ақ баламалы энергетика саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Атап айтқанда, А.Султанов өндірістік жобаларды өз уақытында іске қосуды қамтамасыз ету, соның ішінде «ACWA Power» компаниясы тарапынан құрылып жатқан жылу электр станциялары (ЖЭС) мен жел электр станцияларын іске қосу және алдағы уақытта техникалық қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Жоба аясында Өзбекстан тарапы әлемдегі пандемия шектеулеріне байланысты қиын логистикалық жағдайға қарамастан, құрылыс-құрамалау жұмыстары жоспар-кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанына ризалығын білдірді.

Айта кетейік, Бұхара облысында Саудия компаниясы тарапынан жалпы құны 1,3 миллиард доллар болатын жел электр станцияларын салу жобасы жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта аталмыш жоба аясында әлеуетті кредиторлармен келіссөздер жүргізіп, нысандарда қосымша зерттеулер жүргізілуде.

Талқылау барысында Қарақалпақстан Республикасында қуаты 100 МВт жел энергетикасы жобасының барысы қаралды. Айта кетейік, «ACWA Power» компаниясы жел электр станциясы арқылы өндіріліп жатқан электр энергиясы үшін төмен болған, яғни элект энергиясының 1 кВт/сағаты үшін  2,57 цент тарифін құрап, тендерді жеңіп алды. 2021 жылдың 17 декабрінде Саудия компаниясымен электр энергиясын сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

Кездесу барысында Мухаммад Абунаян «ACWA Power» компаниясының сутегі энергетикасы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Атап айтқанда, халықаралық «Air Products» компаниясының қатысуымен осы бағытта үшжақты ынтымақтастыққа қол қойылды, деп хабарлайды  Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.