Энергетика министрлігі Омск облысының делегациясымен келіссөздер жүргізді

    Өнеркәсіп 27 Aprel 2022 1918

    2022 жыл 26 апрельде Өзбекстанның Энергетика министрлігі Омск облысының губернаторы Александр Бурков басшылығындағы делегация өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

    Өзбекстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары Азим Ахмедхаджаев Омск облысы үкіметі төрағасын және делегация мүшелерін құттықтай отырып, тараптардың түрлі бағыттардағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың болашағы жоғары екенін атап өтті.

    Өз кезегінде, А.Бурков Өзбекстан Омск облысының негізгі және маңызды сыртқы сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан энергетика саласы ынтымақтастықтың жаңа болашағын айқындауда.

    Тараптар цифрлық энергетика саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, соның ішінде электр желілері үшін интеллектуалды құрылғылар мен жүйелерден пайдалану, қазандық пен жылу техникасы жабдықтарын жеткізіп беру бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

    Талқылау барысында Омск облысының губернаторы өнеркәсіп секторының Өзбекстан энергетика саласы үшін өнімдерді жеткізіп беру және өнім өндіруде кооперация жасау мүмкіндіктері, сондай-ақ цифрлық энергетика саласындағы ынтымақтастық жасау, электр салалары үшін ақылды құрылғылар және жүйелерден пайдалану, қазандық және жылу техникасы қондырғылары жеткзіп беру туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates